2017 жылдың 27 қаңтар күні Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі және Қостанай политехникалық колледжінің І курс студенттері арасында әскери эстафетасы бойынша жарыс өткізілді.
Іс шараның мақсаты – патриоттық сезімді тәрбиелеу, сонымен қатар өз елінің экономика және ғылым саласындағы жетістіктеріне мақтан тұту.
Алғашқы әскери дайындық бойынша өткен материалды теориялық және практикалық бекіту.
Білім алушыларда Отанды қорғау әр адамның қасиетті ұғымы туралы түсініктерін дамыту.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын артқа тастап біз қазақстандықтар нық сеніммен айта аламыз, әр адамның еңбегі, қадір-қасиеті бағаланатын, жоғары моральдық, этникалық стандарттарына, азаматтық ұстанымы мен рухани құндылықтарға ие қоғам құрамыз.
Патриоттық тәрбиелеу арқылы тұлғаның рухани қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етуіміз қажет, барлық ұрпақтың сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ету қажет. Адам патриот болып дүниеге келмейді, ол тәрбие және қоғамдық өмірге қатысу барысында патриот болып қалыптасады. Патриотизм қоғамдық және азаматтық сананың ажырамас бөлігі, күнделікті мінез-құлықтың өзегі болып табылады,
Алдыңғы ұрпақтың дәстүрі мен жетістіктерін жандандыра отырып, біз болашаққа ілгермелі қозғалыс үшін жағдай жасаймыз, осы орайда мамандарды төзімділік және келісім рухында тәрбиелеу жолында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету факторы ретінде білімнің алатын орны жоғары.
Мақаланы АӘД оқытушысы әзірлеген: Б.Қ. Көпбаев