25 қаңтарда І.Омаров атындағы облыстық қазақ драм театрында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі үздіктер балын өткізілді. Кешегі және бүгінгі, біріншісі – үлгі алу үшін, екіншісі – мадақтау үшін. Бұл білім алушылар кейінгі балдарға өмір бойы қатысу құқығына ие болады. Келесі бал 2 семестрдің соңында жоспарлануда. Үздіктер балы бір-бірімен жақсы танысуға және түлектер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ҚҚКСК үздіктер балы алғаш рет өтті. Бұл «үздік» оқитын студенттердің және мамандықты жетік игеруге ұмтылатын студенттерді мадақтаудың тамаша дәстүрі. Балға 36 үздік шақырылды.
Бал заманауи форматта өтті. Үздіктер үшін нағыз жұлдыз шамдары жағылды, ерекше жолмен жүріп өту, вена балы. Қостанай филормониясының камералық оркестрі классикалық туындыларды орындады. Мерекелік ісшарада үздіктердің үздігі матапатталды. Үш студентіміз академик Манаш Қозыбаев атындағы (тағайындаушысы «Альфа-Банк» АҚ), колледждің тұңғыш директоры Виктория Чумаченко атындағы (тағайындаушысы «Медеу» ҚҮМК) және қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин атындағы (тағайындаушысы «Канис-профи» ҚБ) атаулы стипендиялардың лауреаттары атанды. Атаулы стипендиялар Ушкова Каринаға (СП-37), Баган Валерияға (СБ-21), Карпович Валерияға (СКД-17) табыс етілді. Үздік студенттеріміздің ата-аналарына алғыс хатттары табыс етілді.
Мерекенің шарықтау шегі студенттер дайындаған фуршеті болып табылды. Концерттік нөмірлерді біздің белсенділер орындады. Көрікті залдағы мерекелік атмосфера, үлкен шырақтармен жарықталған, ғажайып әуен, вальс билеуші жұптар: қыздар үстінде сәнді көйлек, ұлдар элегантты костюм киген – осының барлығы, студенттер мен бал қонақтарын ерекше таңғалдырды. Бұл ерекше мереке, үздіктердің айтуынша, есімізде мәңгі сақталады.
Короткова Анастасия, СКК-34