14.12.2016ж. физика пәні бойынша ашық сабағы өткізілді.
Мақсаты:
1) Заттардың құрылымы туралы мәліметтерді қайталау, ішкі энергия және заттың агрегаттық күйі арасындағы байланысты анықтау.
2) Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын дамыту, монологтық сөйлеуді дамыту, экологиялық ойлауды дамыту, талдау шеберлігін дамыту.
3) Білім алушылардың экологиялық, ақпараттық, коммуникативті мәдениеттерін тәрбиелеу, физика пәніне деген танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтарда мына әдістер қолданылды: сөздік, көрнекілік, практикалық, түсіндірмелі-көрнекілік, ішінара-ізденіс тәсілі.
Мына сабақ нысандары пайдаланылды: жеке, топтық, ұжымдық.
Сабақ кезең-кезеңмен өткізілді:
- ұйымдастырушылық кезеңі – сабақтың міндеттерімен және мақсаттарымен танысу;
- білім өзектілігі – жаппай сұрастыру, деңгейлік тапсырмалар;
- жаңа материалды игеру: білім алушылардың баяндамалары;
- өткен материалды бекіту – «Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың құрылымы және қасиеттері» кестені толтыру;
- рефлексия, баға қою, үй тапсырмасы.
Сабақ СКД-17 тобында өткізілді, пән бойынша білім деңгейлері жақсы. Өзектендіру ретінде жаппай сұрастыру, сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар өткізілді. Өзара тексеру және қатемен жұмысы өткізілді. Барлық студенттер тапсырмаларды орындады.
Білім алушылар топтарға (2-3 адам) бөлініп, мына тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындады: «Газ тәріздес заттар», «Газдардың қасиеті», «Диффузия», «Газ тәріздес заттардың құрылымы», «Газ тәріздес табиғаттың күрделі қосылыстары», «Оттегі және көмір қышқыл газы», «Сұйықтардың қасиеттері», «Тұтқырлығы», «Тұрақсыздығы», «Қасиеттердің температураға тәуелділігі», «Ньютондық емес сұйықтар және олардың қасиеттері», «Қатты денелер туралы жалпы түсінік», «Қатты заттарды зерттеу», «Қатты заттардың түрлері», «Сұйық кристалдар», «Сынап сипаттамасы және қасиеттері», «Өмірде және біздің мамандығымызда заттардың агрегаттық күйі».
Әр сөз сөйлеу презентациялармен және бейнематериалдармен сүйемелденді. Тәжірибелер жасалды. Ұсынылған ақпарат білім алушылардың пән бойынша білім деңгейін арттыруға бағытталды.
Сабақ студенттердің сұрақтарға жауап берумен аяқталды:
- Жаңа не білдіңіз?
- Қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымы немен ерекшеленеді?
- Осы заттар қай салада пайдаланылады?
Сабақ өту барысында химия, математика, өндірістік оқыу, биология, экология пәндерімен байланыс байқалды..
Білім алушылар жоғары білімдерін көрсетті, өз пікірлерін еркін білдіре білуі, логикалық ойлай білуі, сабаққа белсенді қатысулары байқалды. Сабақ өз мақсатына жетті.
Тақырып ауқымды болғандықтан, «Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың құрылымы және қасиеттері» кестені толтыруға уақыт жетпей қалды.