Ойын 2016 жылдың 10 желтоқсанда өткізілді. Ойынға «Наубайшы» мамандығы бойынша екі бірінші курс студенттерінің командалары қатысты. Келесідей мақсаттар қойылды:
- «Нан пісіру өндірісінің арнайы технологиясы» пәні бойынша студенттердің білімін бекіту;
- Ойын тапсырмаларын орындау кезінде ойын жағдайына тез бейімделу шеберлігі; образдық ойлауды дамыту, ес, зеректілікті дамыту;
- Кәсіби бағыттағы іс-шараларға қатысу мәдениетін және ниетін тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Теориялық сабақтарда алған білімдерін жүйелендіру;
- Кәсіби білімі мен шеберлігі төңірегінде студенттердің ой өрісін кеңейту;
- Жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытуға студенттерді ынталандыру.
Ойын барысында мына әдістер қолданылды:
1) ақпараттық-көрнекілік әдісі: интерактивті жабдыққа арналған презентациялар;
2) жанкүйерлер үшін «Сергіту сәті» байқауында «Миға шабуыл» әдісі;
3) мақал-мәтелдері бар геймдік ішінара-ізденіс тәсілі және «Қара ат»;
4) «Сен-маған, мен – саған»мәселелік геймі: командалардың бір-біріне сұрақтары;
5) капитандар байқауында практикалық жұмыс әдісі.
«Сергіту сәті» және «Сен-маған, мен-саған»байқаулары студенттер білімдерінің деңгейін анықтауға және жүйелендіруге ықпалын тигізді. Олар үшін себеп-салдар байланысын анықтауды болжайтын сұрақтар қойылды. Ойыншылар екінші гейм үшін өздері қарсылас командалары үшін сұрақтар қойылды. Бұл байқаулар ең көп оқу жүктемесіне ие. «Сергіту сәті» геймінде «Наубайхана өндірісінің арнайы технологиясы» пәні бойынша оқылған тақырыптар бойынша 2 минут ішінде 10 сұрақ қойылды. «сен-маған, мен-саған» гейімінде қарсылас командалардың ойыншылары кезекпен бір-біріне сұрақтар қойды. Сұрақтардың көп бөлігіне жауап берілді.
«Қара ат» геймдегі тапсырмалар күтпеген жерде күрделі болды. Ойыншыларға 20 бөлікке бөлінген нан-тоқаш өнімдері бейнеленген суреттер ұсынылды. Бір команда толықтай дерлік бұл «пазлды» жинады. Екіншісі өкінішке орай тек жартысын жинады. Командалар өз тапсырмаларын орындап жатқан кезде, команда жанкүйерлерімен ойын өткізілді: жүргізуші нан-тоқаш өнімдері, нан пісіруге арналған құрал-жабдық туралы жұмбақтар жасырды. Жанкүйерлер аса қызығушылықпен ойнады және команда қоржынына көп ұпайларды қосты, әсіресе тапсырманы орындамаған команда.
Ойын барысында қазақ және орыс халқының халық ауыз әдебиетінің элементтері енгізілді. Олардың мағынасын түсіндірді, сонымен қатар орыс тіліндегі нан туралы қанатты сөздердің мағынасын түсіндірді.. Осы тапсырмалардың нәтижелері, оқу қызметінде халық әдебиетінің элементтерін жиі қолдану қажет, лексикалық қорды мамандығына қатысы бар мақалдар мен мәтелдермен байыту.
Ойын барысында қойылған міндеттер орындалды. Ойынның эмоционалдық реңкі жоғары позитивті деңгейде болды, қарсылас командалардың іс-әрекеттеріне өзара сыйластық қарым-қатынасы байқалды.
Апрнайы пәндер оқытушысы Е.В.Жирнова