2016 жылдың 9 желтоқсанда арнайы пәндер апталығында 3 курс топтарының арасында «Экономикалық калейдоскоп» ойыны өткізілді: СП-38 тобы «Іскер адамдар» және СП-37 тобы: «Нарық балалар».

 

 

 

Ойын мақсаты:білім алушылардың экономикалық санаттары туралы білімдерін арттыру; тіл дамыту, ойлау; білім алушылардың шығармашылығы және қиялы; шешендік өнерін дамыту; топта жұмыс істеуді және іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыру; өз бетінше шешім қабылдау.

Ойын қатысушылары: оқытушы Б.Б.Дүйсекеева.- жүргізуші; СКД-36 тобының 3 курс студенті Мауль. В - жүргізуші; қазылар алқасы: СКД-36 тобының 3 курс студенттері Кель Г., Нұржанова Т., Тұрсұмбекова А.; арнайы пәндер оқытушысы О.А.Разуваева; 7 адамнан құралған 2 топ.

Топ капитаны СП-37 тобы: «Нарық балалары» - Чернышова Елена

Топ ұраны: Ақшаны дұрыс сал,

                         Дивидендтерді ал.

                         Егер ақшаны жұмысқа салсаң,

                         Оның иесі құрметке лайық.

Топ капитаны СП-38 тобы  «Іскер адамдар»  - Архипова Валерия.

Топ ұраны «Барлығына бір заң бар:

                            Іскер, жігерлі адамдарға

                             Бағынады табыс та!»

Ойын 10 турдан құралған. Ойын алдында топ капитандары алдын-ала тапсырмаларды алды: команда атауын, ұранын, эмблемасын; сыртқы түрін ойластыру; ауызша сұрақтарды құрастыру; бейне сұрақ.

Ойыншыларға әртүрлі тапсырмалар ұсынылды  – бұл визит кәртішкесі; экономикамен байланысты сұрақтарға жауап беру; әдеби, ақша байқауы; елдің ақшалай валютасын анықтау; бір-біріне экономикалық сұрақтарды қою; брокерлік байқау; өз кәсібінің жарнамасын жасау; экономикалық есептеулерді жүргізу; домино жинау; командалардың бейне сұрақтарына жауап беру. Сонымен қатар ойын жанкүйерлер үшін де өткізілді. Барлық студенттер, қонақтар  ойынға риза болды.

Ойын қатысушылары пән бойынша терең білімін көрсетті; тәжірибе жүзінде теориялық білімді қолдану шеберлігі және дағдылары.

Топтар грамоталармен және жүлделермен марапатталды.

Ойын нәтижелері келесідей:

1 орын – СП-38 тобы  «Іскер адамдар».

2 орын – СП-37 тобы: «Нарық балалары».

Келесі студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғысымды білдіремін: К.Ушковаға, К.Лиясоваға, Г.Тоқаеваға, М.Сложеникинға, В.Архиповаға, Д Бабийға, А.Мусинға, С.Чуриковқа., М.Нұрғалиеваға, Е. Чернышоваға, С.Ладудаға., Т.Шеферға., С Дергунға., О.Ковалеваға.

Сондай-ақ белсенді жанкүйерлерге алғысымды білдіремін: К.Ножнинға., Н.Тарасовқа, А.Максимовқа, Д. Уразбаевқа, А.Сәбитовқа, А.Әубәкірге, К. Ликинаға.

 

Арнайы пәндер оқытушысы Б.Б. Дүйсекеева

 

Карта сайта