СК-29 тобының 2 курс студенттері әлеуметтік әріптестерінің кәсіпорны «Баян-Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасында өтті.
Студенттер өндірістік цехтарындағы жұмыс орындарымен танысты. Кондитерлік жабдықпен, толымдысы бар және толымдысы жоқ карамель дайындаудың технологиялық үдерістерімен танысты, жеміс-желе массасын, ликерлік массасын, грильяждік масссасын және т.с.с жасауды үйренді. Практика кезінде студенттер жұмыстарын адал атқарып, барлық тапсырмаларын ынтамен орындады.
«Баян-Сұлу» АҚ әкімшілігі білім алушыларға адал еңбектеріне өз алғыстарын айтты.