Адамдарды барлық қыр-сырынан

меңгеретін мамандықтың бірі -даяшы мамандығы

 

8 желтоқсанда арнайы пәндер пән апталығында кәсіптік шеберлігінің байқауы өтті: «Даяшы мамандығының үздігі» СО-37 бітіруші тобында.

  

Байқау мақсатыБілім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін, жұмысқа дайындығын анықтау,  теориялық білімдерін тереңдету, кәсіби шеберлігі мен дағдыларының деңгейін анықтау. Өз мамандығына деген қызығушылығын әріқарай дамытуға ықпал ету.

Байқау 5 практикалық турдан құралған:

1. Майлықтарды бүктеу нысандарын көрсету.

2.  Үстелді сәңдеуді орындау

3. Келушілерге қызмет көрсету бойынша практикалық тапсырмаларды орындау

4. Әртүрлі кофе түрлерін дайындау және ұсыну

5. Ұсынылған өнімдерден коктейльдерді дайындау, оны келушілерге ұсыну

1 тур «Майлықтарды бүктеу». 5 минут ішінде қатысушыларға  майлықтарды бүктеудің көп нұсқаларын орындау қажет, нақтырақ айтқанда өзін шығармашылық тұрғыдан таныту.

2 тур «Үстелді сәңдеу». Әрбір қатысушы  бірнеше минут бұрын таңдаған тапсырма бойынша үстелді сәңдеу қажет:

А) Шәй үстелін сәңдеу.

Б) Үйлену той үстелдерін сәңдеу.

В) Толық үстелді сәңдеу.

Г) Алдын-ала үстелді сәңдеу.

Д) Жаңа жыл үстелді сәңдеу.

Е) Түскі ас үшін үстелді сәңдеу.

«Келушілерге қызмет көрсету» уры.

Қатысушылар шампан және шарапты ашып, құйды. Үстелдерге дастархан төседі , тағамдарды подноста тасыды, тапсырыс қабылдады, тағамдар ұсынды, ыдыс-аяқты тазалап сүртті.

4 тур әртүрлі кофе түрлерін  дайындап, ұсыну:

шығыс кофесі

ирландық кофесі

капучино.

эспрессо

кофе - гляссе

5 тур : «Коктейльдерді дайындау» үй тапсырмасы болып табылады..

Қатысушыға өзі дайындаған коктейлін дайындап, ұсыну және оны таныстыру талап етілді.

Осы тапсрыманы орындау кезінде студенттер өз шығармашылық қабілеттерін және  қиялын танытты.

Әрбір турдың қорытындысы бойынша , өз түсініктемелерін берді, әр байқау қатысушылары жұмысының оң және теріс жақтарын айтты.

Бағаланды: қатысушының сыртқы түрі, жұмыс техникасы, жұмыс жылдамдығы және ұқыптылығы;  тағамдар мен сусындарды ұсыну техникасы, сусындарды дайындау, сәңдеу жүйелілігі және дұрыстығы, ыдыс-аяқты, аспаптарды, шыныны жинау.

Байқау қортындысы бойынша  I орын – В.Ефанов, II  орын - Пшеничко Ю., III орын - Тарасенко О. берілді.

 

Карта сайта