7 желтоқсанда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Табыс тарихы» ашық дәріс өткізілді.
Студенттер «Баян-Сұлу» АҚ өндіріс озаты Костенко Надежда Петровна. Надежда Петровна студенттерге өз еңбек қызметінің бастауы туралы айтып берді: кәсіпорынға қалай келгені, кім болып жұмыс істейді, жұмыс мәні неде. Надежда Петровнаның кондитер мамандығына деген қызығушылығы, кәмпит өнімдерінің шедеврын шығармашылық тұрғыдан құру жылдан-жылға арта түсті. Өз мамандығына деген сүйіспеншілікті өз ісінің шебері өз ұлы Андрейға дарыта білді, ол еш ойланбастан өз анасының сүйікті ісіне оқуға түсуді ұйғарады.Тоғызыншы сыныптан кейін Костенко Андрей «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі»оқуға түсті, өз отбасының еңбек династиясын жалғастыруды және кондитерлік өндірісінің болашақ маманы болуды шешті .Енді СК-10 т обында оқып жатыр, кәмпитші кәсібінің қыр-сырын үйреніп жатыр.
Надежда Петровна – біздің оқу орнымыздың жиі қонағы. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, ол колледж студенттерімен, «Баян-Сұлу» АҚ болашақ мамандарымен кездесуге келді.
Кездесу жылы достық жағдайда өтті. Студенттер өз мамандықтарын дұрыс таңдағандарына тағы да бір рет көз жеткізді.