21 қараша күні біздің колледжімізде Сәлемдесу күні аталып өтті.
Біздің СКД-36 тобымыз осы іс-шараға жауапты болды. Біз елу слайдтан құралған презентацияны дайындадық.
Бұл презентацияда біз осы мерекенің тарихын және әртүрлі тілде халықтардың сәлемдесулері туралы айттық.
Бұл мерекенің тарихы мынадай: 1973 жылы ағайынды Майкл мен Брайан Маккомак әлем бойынша бірнеше жүздеген хаттар (США, Небраска) таратудан басталған. Мәтін жылу сәлемдесуден және денсаулық,махаббат,бақыт тілеуден басталған. Хаттың соңы осылай аяқталды: “Сіз таңғалып тұрған шығарсыз! Біз өз үміттерімізбен бөлісіп, оны жаулап алған қараңғылықтан адам санасының оянуы туралы әңгіме жүргіздік.Орнына, біз, әлемге сәлем беріп және бүкіл әлеммен өз үміттерімен бөлусілеріңізді сұраймыз”.
Бір-бірімен кездескен кезде сәлемдесу – ежелден келе жатқан дәстүр. Әр халықтың өз салт-дәстүрлері бар, олар жылдар өткен сайын өзгеріп тұрады, жаңа мағынаға ие болады немесе бұрынғы мағынасын жоғалтады, ерекше маңызы және мақсаты жоқ тұрақты әдетке айналады. Бірақ сәлемдесу сонау ата-бабаларымыздың заманынан осы уақытқа дейін әлемнің кез-келген елінде және қоғамында сақталатын өз мәнін жоғалтпаған дәстүрлердің бірі болып табылады.
Осы мерекенің арқасында біздің колледж студенттері өздері үшін көп жаңалық ашты.Әлемдегі түрлі елдер адамдарының бір-бірімен сәлемдесетіні туралы, сонымен қатар жаңа сәлемдесу сөздерінің үлкен бөлігін айтты.