2016 жылдың 2 желтоқсанда «Мирас» МҮ отбасылық құндылықтар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: жастардың отбасын жоспарлау жайында түсініктерін және салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысын қалыптастыру. Біздің колледж бұл шараның өткізілуіне белсенді түрде қатысты. Студенттер өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен байқау қатысушылары үшін тәтті өнімдерін дайындады.
Колледж кондитерлік өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Болашақ аналар және іс-шараның қонақтары біздің балаларымыздың шеберлігін бағалады және өте риза болды.Дәмді пирожныйлардың дәмін татып көрді. Қостанай қаласының мәдениет бөліміне осындай мағыналы кешті ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.