2016 жылдың 25 қарашада Қазақстан тарихы және география пәндік апталығының шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздігінің-25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 25 жыл: бейбітшілік және жасампаздық уақыты» атты студенттер конференциясы өтті, 1 курс студенттері қатысты: Фидченко Екатерина-СП-10, Шаталова Анастасия- СП-10, Рубан Владислав- СН-18, Кинес Шерхан- СПК-14, Калачиков Артур- СПК-14, Молитвина Наталья- СПК-14, Дубинец Оксана- СКД-18, Скороход Любовь- СКД-18, Тажиева Сабина- СКД-18.

 

Бұрын Ережеге сәйкес әзірленген студенттер жұмыстарының тақырыбы   конференция тақырыбына сәйкес келді. Ғылыми жетекшілерімен бірлесіп (география пәнінің оқытушысы Н.В.Шакурова., тарих пәнінің оқытушылары З.Қ.Біргебаева., А.Б.Әлпеисов) келесі зерттеу жұмыстарының тақырыптарын таңдады: «Н.Ә.Назарбаев-Ұлт көшбасшысы», «Қазақстан бүгін…», «Казақстанның геосаяси жағдайы», «Шанхай ынтымақтастық ұйымы», «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикалық жағдайы», «Қазақстан халықтарының ассамблеясы», «Қазақстанның инновациялық саясаты» және т.б.

СП-8 тобының студенттері Бабий Дмитрий және Руденко Роман сөз сөйлеуі, Қостанай облысынан EXPO-2017, сонымен қатар балалар және жастар ұйымының ассоциациясының волонтерлері конференция жұмысын ашты.  Дима мен Роман, әртүрлі форумдарының суреттерін қолдана отырып, өз волонтерлік қызметі жөнінде айтты, «Болашақ энергиясы» болатын көрмесі шеңберінің қызметі төңірегінде болатын шараға қатысудың өз маңыздылығын атап кетті. Балаларға Дима және Роман берген түсініктемелері ұнады, волонтерлікпен айналысу мүмкіндігі туралы сұрақтар қойды.

Конференция жұмысының барысында  қатысушы-оқушылар аздап ұялыңқырап сөз сөйледі, өйткені бұл олардың осындай шара аясында алғашқы рет сөз сөйлеуі! Бірақ комиссия мүшелері 1 және 2 орын алған студенттерді шынайы бағалап, атап өтті: 1 орын -  Дубинец Оксана және Скороход Любовь, 2 орын- Тажиева Сабина және Шаталова Анастасия. 

 

Тарих пәнінің оқытушысы З.Қ. Біргебаева

 

Карта сайта