23 қарашада математика пәнінің оқытушысы Кусеубаева Жанар Абилкасовна математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: «Айналу денелері».

 

 

 

 

 

 

Оқытушы сабаққа эпиграф ретінде Ле Корбюзьенің сөзін алды: «Менің ойымша, біз ешқашан осы уақытқа дейін  осындай геометриялық кезеңде өмір сүрген жоқпыз. Айналадағының барлығы-геометрия».

Сабақ мақсаты: «Айналу денелері» тақырыбы бойынша білімдерін қортындылау және жүйелендіру. Сабақ түрі: білімді қортындылау және бекіту сабағы.

Мына оқыту әдістері қолданылды: көрнекілік, тәжірибелік, эвристикалық, өздігінен жұмыс жасау.

Сабақта жабдықтау, әдебиет, тарих, өндірістік оқыту пәндерімен байланыс байқалды..

Осы сабақ «Тамақ өндірісінің жабдық реттеушісі» мамандығының екінші курс студенттері үшін дайындалды.

Студенттер үй тапсырмасы ретінде берілген айналу денелері және олардың қимасының үлгілерін дайындаған.  (цилиндр, конус, усеченный конус, сфера, шар). Сонымен қатар «Айналу денелері менің болашақ мамамндығымда»  шығармашылық жұмыстарын дайындады.Козлов Арсентий сөз сөйлеуі өте қызықты және мазмұнды болды.

Оқытушы, Жер айналу денесін білдіретінін еске сала кетті. Сонымен қатар жақында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің – 25 жылдығы тойланатынын хабарлады.  

   

Студенттер алдына мақсат қойылды – сабақ барысында  «Табыс баспалдағын» өту : 

 

1 саты – өтілген материалды қайталау (денелер мен олардың элементтерін анықтау);

2 саты – айналу денелерінің қимасы және  айналу денелерінің  ауданы 

3 саты–айналу денелері туралы тарихи мәліметтер , студенттер айналу денелерінің алғашқы пайдаланылуы туралы тарихи анықтамаларды жариялады.

4 саты – формулалар мен анықтамалар төңірегінде білімдерін тексеру (тест). Студентттер кестесі бар кәртішкелермен жұмыс жасады, бұл кестеге сәйкес формула нөмірін жазу керек. 

Арықарай студенттер  тест кәртішкелерін орындаған, тест екі нұсқасы бар он тапсырмадан құралған. Сонымен қатар  бір практикалық және екі логикалы тапсырма берілді.

5 саты – полиглот (үш тілдегі математикалық ұғымдар).

Сабақ соңында  білім алушыларға ағашты жүрекшелермен, тілектермен және жақсы сөздермен безендіру. 

Сабақ алға қойылған мақсатына жетті. Студенттер сабақтың барлық кезеңдеріне белсенді түрде қатысты. Алған қойылған барлық міндеттеріне қол жеткізді.  «Табыс» баспалдағынан өтіп, көптеген студенттер тобы оң бағаларды алды.

Сабақтың табысты өтуіне СН-27 тобына өз алғысымды білдіргім келеді, оқуда табыс және зор денсаулық тілеймін. и крепкого здоровья.

  

 

Преподаватель математики: Кусеубаева Ж.А.

Карта сайта