21 қарашада СКД-17 және СКД-18 тобының 1 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өткізілді.

 

 

 

Жалпы іс-шара достық рәуіште өтті. Ойын барысында командалар арасында бәсекелестік және көшбасшылық рухтары сезілді. Студенттерге Қазақстан тарихының негізгі түсініктері бойынша блиц-сұрақтар қойылды, сонымен қатар студент-қатысушылар зияткерлік ойынға белсенді қатысты. Ойынға екі команда да белсенді қатысып, сұрақтарды толық ашып, жауап берді, командадағы балалардың ұйымшылдығы байқалды, әрқашан сұрақтарды бірге талқылады, жақсы білімдерін көрсетті, бұл ретте баллдардағы аз айырмашылықпен СКД-17 тобының командасы жеңіске жетті.

Ойын білім алушыларға өте ұнады, ұйымшылдық, бәсекелестік рухы, команда қатысушыларының, жанкүйерлерінің бір-біріне уайымдаушылығы байқалды. Ойын барысында мына студенттер ерекше көзге түсті: Казенова Ақжібек, Судак Алена, Дубинец Оксана, Коцюбко Элизавета.  Сонымен СП-11 тобы зияткерлік ойынға жанкүйерлер ретінде белсенді қатысты. Осылайша зияткерлік ойыны алған қойылған мақсаттары мен міндеттеріне жетті: біз қазақстан тарихы бойынша білімімізді топтастырып, жүйеге келтірдік, бұл ретте зияткерлік қабілеттерін, ойлау, тапқырлықты, өз пікірін білдіруді жалғастыра дамыттық. Біздің еліміздің болашағы  патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік, қазақстан халықтары мен ұлттарының қазіргі және өткен тарихына және жарқын болашағын мақтан тұтады.

А.Б. Әлпеисов, тарих оқытушысы.

 

Карта сайта