18.11.16 ж. СП-10 тобында «Котлет массасын және одан жартылай өнімдерді дайындау (котлеттер, биточкилер, шницель, тефтельдер)» тақырыбы бойынша ашық өндірістік сабағы өткізілді. Сабақ мақсаты: Котлет массасын және одан жартылай өнімдерді дайындау технологиясын үйрету.
Оқу танымдық үдерісі бірнеше кезеңнен құралады: қабылдау, ұғыну, қалыптастыру, белсенді ойнату және меңгеру. Бірінші күннен бастап еңбекке деген эстетикалық сезімді дамытуға тырысамын: жабдыққа ұқыпты қарауға, ұқыптылыққа үйретемін. Студенттерге өз мамандығыма деген сүйіспеншілігімді жеке мысалымнан көрсетемін, студенттердің қатысуымен қажетті тәсілдер мен операцияларды орындаймын; студенттерді қауіпсіздік техникасының ережелерін, санитарлық гигиена, жұмыс орнын ұйымдастыру ережесін сақтауға және өз еңбегінің соңғы нәтижесіне жауапты болуларына үйретемін.