2016 жылдың 7-18 қараша аралығында политехникалық колледжінде «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясына өтудің ұйымдастыру - әдістемелік аспектілері» тақырыбы бойынша өз біліктілігін жоғарлатты.  

 

 

 

Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты шығармашылық ойлауға және ең күрделі міндеттердің шешімін табуға қабілетті мамандарды даярлау. Кредиттік оқыту технологиясына өту шартында білім жүйесінің қызметін реттейтін басты нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру. Кредиттік оқыту технологиясы студенттердің жеке дайындығының негізінде шығармашыл тұрғыда білімді игеруге және өздігінен білім алу деңгейін арттыруға бағытталған.

    

Кредиттік технологияда студенттің алған «білім саны» ескеріледі, шамасы сынақ бірлігі - кредит болып табылады. Кредиттік оқыту жүйесі оқу үдерісінде студент және оқытушы позициясының өзгертілуін көздейді.  Енгізілетін жүйесі кезінде студент пассивті қабылданатын тараптан оқу үдерісінің белсенді қатысушыға айналады. Білім алу үдерісінде оқытушының серіктесіне айналады. Сонымен қатар, оқытушының да рөлі өзгереді, ол ақпарат беру көзі ғана болып табылмайды, студенттерді ақпараты өз бетімен іздестіруді, әріқарай білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйретеді.

Кредиттік жүйесі студенттердің білім жүйесін,шеберлігін, дағдыларын, өздігінен, белсенді меңгерілуін, шығармашылық тәжірибесін жинақтауды, оқу-танымдық қызметін, кәсіптік-танымдық қажеттіліктерін, мүдделерін  дамытылуын ұйымдастыруды қарастырады. «ҚР және шетелде кредиттік технологияны енгізудің ерекшеліктері» активитиді құру және толтыру. Кредиттік жүйеге өту үдерісінің күрделілігі тәжірибе тәртібін жүзеге асыратын ҚР Білім және ғылым Министрлігі тарапынан бекітілген нормалардың, нормативтер мен стандарттардың жоқ болуында.Курс соңында барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру жөнінде сертификат берілді.

Карта сайта