Халықаралық студенттер күні Прагадағы чехиялық студенттер-патриоттарын еске алуға арналған халықаралық студенттер конгрессінде 1946 жылдың 17 қарашасында орнатылған.

 

 

 

 

 

Бұл жастық, ғашықтық, қуаныш мерекесі. Бүгінгі күні бұл мейрам әлемнің барлық елдерінде тойланады, бұл мереке өз бағдарламасымен ерекшеленеді, бірақ студент жастарының арасында өте танымал.

Іс жүзінде бірде-бір колледж бұл шулы да,көптен күткен мерекеден тыс қалмайды. 18 қараша күні Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде халықаралық студенттер күніне орай студенттерге арнау өткізілді, Іс-шара ұйымдастырушылары: СП-38 тобының ІІІ курс студенттері. Арнау бейресми жағдайда, GUEST ойын-сайысы түрінде өтті. Барлық бірінші курс топтары қатысты. 

Бірінші орынды 173 балл жинаған СП-10 тобы иеленді және студенттер кәсіподағының дайындаған грамоталарымен және тәтті сыйлықтарымен марапатталды. Азырақ балл жинаған топтар сыйлықтармен және номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.

Карта сайта