9 қараша күні Ж.А. Кусеубаева «Математика менің мамандығымда» дөңгелек үстелін ұйымдастырған. Мақсаттары мен міндеттері: ынта-ықыласын тәрбиелеу, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерін анықтау; коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру, сөйлеу қызметінің әртүрлі түрлерін меңгеру, өзге адамның сөз сөйлеуін қабылдау және өз пікірін білдіру шеберлігін дамыту. Өткізу нысаны: конференция.

Осы іс-шараға дайындық мақсатында студенттермен алдын-ала тақырыпты таңдау және осы тақырып төңірегіндегі сұрақтар талқыланды Іс-шарада және әр сөз сөйлеу кезінде интерактивті презентациялар  көрсетілді.

 

Модератор, оның рөлін оқытушы атқарды, дөңгелек үстелін өткізудің басты ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар қонақтардың міндеті  әңгімелесу барысында қорытынды талқылауға қатысушыларға сұрақтар дайындау. Әртүрлі мамандықтарының І және ІІ курс студенттері қатысты. Мына тақырыптар бойынша жобалар ұсынылған:

  • Математика «Даяшы» маамандығында СО-28 

 

  • Математика «Бармен» мамандығында СБ-21 

 

  • Математика «Реттеуші» мамандығында СН-27, СН-18 

 

  • Математика «Наубайшы» мамандығында СПК-14, СПК-15 

 

  • Математика «Кондитер» мамандығында СКД-17,СКД-18
  • Математика «Аспазшы» мамандығында СП-10,СП-11   

Қорытынды талқылауда қатысушылар қонақтардың қойған сұрақтарын  және дөңгелек үстел қатысушыларының пікірлерін талқылады, белсенді түрде пікір алмасты.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қозғалды:

  1. Математика оқытушысына өз пәніне деген студенттердің қызығушылығын дамыту үшін не қажет?
  2. Студенттерде «Математика» сөзін естігенде қандай ассоциациялар туындайды?
  3. Гуманитарлық пәндерде математика қажет пе?
  4. Өмірде және жұмыста математика неліктен қажет ?
  5. Қазіргі заманғы адамға математика қажет пе ? т.с.с

Шара сонында қатысушылар мен қонақтарға «Тілектер мен тәлімдемелер ағашын»толтыру ұсынылды (магнит тақтасында плакат, стикерлер).

 

Қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды

Келесі студенттерге белсенді түрде қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз : Баган В., Жұмабекова Б., Данкенова Мұратов М., Айтыгұлов Н., Шафигулина , Зарипова Р., Тажиева С., Құсаинова З., Скороход Л., Дубинец О., Яцкевич  М., Шумков А., Ли А.,Жүнісова Д.,  Рубан В., Сапрыкин В., Козлов А., Коркин Р., Судак А., Васянович В. 

 

Оқытушы: Ж.АКусеубаева

 

Карта сайта