11 қарашада физика пәнінің оқытушысы Кушнарева Лариса Анатольевна І курс студенттері арасында «Брейн-ринг» зияткерлік ойынын ұйымдастырып, өткізді. 

 

 

 

 

 

Іс-шараның алға қойған мақсаттары:  білім алушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру; білім алушылардың танымдық белсенділігін және шығармашылығын, тапқырлығын, бақылаушылығын ынталандыру; білім алушыларда коммуникативті дағдыларын, топта жұмыс жасау шеберлігін қалыптастыру.

Ойынға І курс топтары қатысты: СП-11 - «Көңілді Эйнштейндер» командасы және СКД-17 –«Қарақшылар» командасы. Қатысушыларда өз түйсігін, тапқырлығын және командада жұмыс жасау шеберлігін көрсету мүмкіндігі бар.

Сайыс таныстырудан басталды, , қатысушылар команда атын және ұранын жариялады.

Ойын 7 сайыстан құралған:

  • «Физикалық шамалар»,
  • «Барлығына белгілі метр»,
  • «Тарихи викторина»,
  • «Жас зерттеуші»,
  • «Кім көбірек?»,
  • «Әуенді тап»,
  • «Сөзді тап».

Ойын қорытындысы бойынша орындар келесі түрде берілді:

I орын – СКД-17 тобы,

II орын–  СП-11 тобы.

Ойынға көрермендер де қатысты,, жұмбақтардың шешімін тауып, сұрақтарға  дұрыс жауап бергендері үшін тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара жақсы көңіл-күйде өтті. Қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

 

Физика пәнінің оқытушысы: Кушнарева Л.А.

Карта сайта