Кәсіптік колледжде негізгі мектеп курсын бітірген білім алушылар білім алады. Неге жасөспірімдер колледжге оқуға келетіні ешкімге де құпия емес. Себептері әртүрлі болуы мүмкін. Көптеген балалар жұмысшы мамандығын игеру ниетімен немесе колледжді бітіргеннен кейін бейіні бойынша оқуды жалғастыру үшін келеді. Жасөспірім мектепте нашар оқиды немесе оқуға деген ынтасын жоғалтуы жиі кездеседі, сонымен қатар оқушыда , «қиын» деген мөр қойылып тұрса, мектеп ондай оқушылардан құтылуға тырысады. Мұндай балалар ата-аналар, таныстарының, достарының кеңесімен әріқарай оқытылады.
Бірінші семестр бұл бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңі, көп бөлігі одан табысты өтеді және оқыту үрдісіне белсенді түрде араласады. Кейбірі жаңа жағдайға бейімделе алмайды, кураторлар мен шеберлердің міндеті серіктестік педагогикасын пайдалана отырып, көмек беру.
Осындай оқыту негізі адамгершілік қатынастағы, ешбір мәжбүрлеусіз оқыту болып табылады, нақтырақ айтқанда, нашар баға қоймау, балаларға үгіт оқымау, ата-аналарға шағымданбау. Бастысы - студентке жетістікке жететіні туралы сенімділік сезімін беру. Ал бұл дегеніміз, ол оқуға үйренеді деген сөз, білімде өз кемшіліктерін байқайды және оларды жоюға ұмтылады.
Жасөспірімге крест қоймау керек, әлеуметтік ақаулықтарының салдарынан оның әлеуметтік позасы туындады, олар өздері туралы үнемі ескертіп тұрады және жағымсыз мінез-құлықты көрсетуге әкеліп соғады.
Педагогикалық ынтымақтастық оқудағы қиыншылықтарды жеңе білуге, алға қойылған міндеттерін орындау сенімділігіне негізделген қиын мақсаттарды және идеяларды жүзеге асыруды қарастырады. Жадының үш түрін қоса отырып, көп мәрте қайталау - материалды игеруге ықпал ету. Ірі идеяларды пайдалану, игеретін материалдың көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, блок өткізілген кезде, негізгі ой қамтылған кезде, студент түсінбей қаламын немесе қалып қоямын.
Педагогтың студентке тең құқылы тұлға ретінде қарауы кезде, әрқайсысы құрметке лайық болуы, қорғанушылығын сезінсе жеке тұлғалық тәсіл маңызды.
Ынтымақтастық педагогикасын кәсіптік оқу орнында кеңірек түсіну қажет. Мұнда тек шебер немесе куратор және студент серіктес болмайды, сонымен қатар өндірістік ұжымдар. Мұндай ынтымақтастықсыз, өзара мүддесіз жоғары білікті даярлауды қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға болмайды. Ынтымақтастық педагогикасы білім алушы және шебердің моральдық деформациясына әкелетін күштеп, мәжбүрлеп оқытуды қарастырмайды, іскерлік байланыстарды ұйымдастырады, бірлесіп міндеттерді қояды және оларды шешу жолында бірлескен түрде талдау жасайды.
Шебер білім алушыларға өзін шағын болса да, бірақ нақты істе өзін танытуға және өз пікірін білдіру мүмкіндігін ұсынуға тәсілдер іздестіреді, білім алушылардың ұжымдық еңбек қызметінде теориялық білімдерін белсенді түрде қолдану үшін жағдай жасайды.
Өндірістік оқыту сабақтарында біз мәселелік және ойын технологиясын қолданамыз, сонымен қатар дамытушылық оқыту элементтерін де пайдаланамыз. Білім алушылардың ойлау қабілеттерін ынталандырудың басты мақсаты- жоба әдісін, озық тапсырмаларды, мәселелік жағдайларды пайдалану.
Әртүрлі зияткерлік, рөлдік ойындарды өткізу кезінде кәсіптік білімге және дағдыларға деген танымдық қызығушылығы дамытылады. Теледидарда көрсетілетін бағдарламаларға ұқсас өткізілетін ойындар: «Өз ойыны», «Не, қайда, қашан»- бәсекелестік сезімін оятады. «Ғажайыптар алаңы» ойынын ойнату кезінде , білім алушылар тағам әзірлеу технологиясын, оның ұсынылуын, үстелді сәңдеуді естеріне жылдам сақтайды. «Ең әдемі сүлгі» ойыны кезінде әртүрлі тәсілмен сүлгіні бүктеу шеберлігі қалыптасады, қиялдық, шығармашылық қабілеттері дамытылады. Өткен материалды жиі сөзжұмбақты шешу арқылы қайталаймыз.
Жобалар әдісі, озық тапсырмаларды орындауға негізделген, студенттерге бағдарламадан тыс білім алуға және басқалармен бөлісуге мүмкіндік береді.
Сабақтардағы мәселелік сұрақтар, мәселелік жағдайлар сұхбатты және дауды туындатады, оның барысында дұрыс жауап туындайды.
Ынтымақтастық педагогикасы - бұл оқыту және тәрбиелеу ісіндегі басымдылықты тану– білім алушының жеке тұлғасы. Барлығына бірдей білім мөлшерін, қажетті жағымды қасиеттерін қабылдап қана қоймай, адамға табиғатынан дарыған қабілеттерін және дарынын ашу және дамыту.
Егер дарыны көп болмаса да, кәсіптік оқытуда жеке тұлғаға бөгет болатын жағдайлар болмауы керек. Нашар математикалық қабілеттер де, нашар жады да, шатақ мінез-құлық та адамға өмірде өз орнын табуына, қоғамға қажетті және бақытты болуына кедергі бола алмайды.