Біздің колледжімізде екі ай бойына Владимир Леонидович Растёгин жүргізетін әдеби қонақ бөлмесі аса назарға лайық. Біздің колледжіміздің студенттері Владимир Леонидович Расстегиннің үйірмелік сабақтарында тек қана Қостанай ақындарының шығармашылығымен танысып қана қоймай,  сонымен қатар көршілес – қазақстандық және ресейлік ақындарының шығармашылығымен танысады. 

Владимир Леонидович Солтүстік Қазақстан Әдебиетшілерінің Ассоциациясы төрағасы, жеті өлеңдер жинағының авторы, он в своих книгах говорит об извечной нерасторжимости человека и природы, непостижимости мирозданья. Біздің колледж студенттерімен кездесуге қостанайлық замандас ақындарын шақырып тұрады. Шақырылған ақандардың ішінен  Анатолий Аркадьевич Корниенконы, Петрова Марта Викторовнаны, Онча Сергей Михайловичты атап өтуге болады.

Анатолий Аркадьевич Корниенко мамандығы бойынша нейрохирург дәрігері, өмірде көпті көрген және ақындық емес сипаттағы жағдайларды бірнеше рет басынан кешірген. «Абай қара сөздері» аудармашысы, бірнеше өлеңдер жинағының авторы, екінші дәрежелі әдеби еңбегі сыйлығының иегері Петрова Марта Викторовна «Светоч» аудандық әдеби бірлестігінің жетекшісі, «Не такая, как раньше» дебюттік жинағының авторы, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде кітапханашы болып жұмыс істейді, 2016 жылғы А.Коштенко атындағы халықаралық жас ақындар байқауының бірінші дәрежелі дипломанты.

Қазіргі уақытта екінші өлеңдер жинағымен жұмыс жасауда. Сергей Михайлович Онча балалар ақыны, «Светофор» және «Почемучка» екі өлеңдер жинағын шығарды.  Студенттер апта сайын аса қуанышпен Владимир Леонидовичтің әдеби қонақ бөлмесіне барады. Шығармашылық тұлғалармен кездесу студенттердің ой-өрісін дамытады. Осындай жайлы жағдайдағы кездесулер  олардың шығармашылық қабілеттерін оятады. Слёта Виктория,  Қазиева Мөлдір және басқа студенттер өз өлеңдерін әкелген кезде оларға қолдау және көмек көрсетіледі. Болашақта біздің студенттер, Владимир Растёгин жетекшілігімен ҚҚКСК жас ақындарының өлеңдер жинағын басып шығаруды жоспарлауда.

 

Карта сайта