Б.С.Баудинова, экономика ғылымдарының магистрі,

өндірістік оқыту шебері

 

«Оқу орнының рухы терең мағынаға ие ;

бірақ бұл рух оның қабырғасында, қағазында емес

тәрбиешілердің мінезінде

содан кейін тәрбиенушілердің мінезіне дарытылады».

(К.Д.Ушинский)

  

  

Еңбек жасауға жаңа сипат беретін, ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, осы заманның тұлғасы оған дайын болуы қажет, кәсіптік-техникалық білімі болуы қажет, мамандық бойынша терең білімінің болуы және өндірістік қызметінде шебер болуы керек. Осы мәселені шешуде өндірістік оқыту шебері жетекші орын алады. Ол студенттерге өз білімі мен тәжірибесін беруші, белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеуші, мемлекетіміздің өсіп келе жатқан азаматының жеке тұлғасын қалыптастырушы, жоғары моральдық-этикалық қасиеттерін дарытушы. Шебердің табысты жұмысы  көбінесе оның кәсіптік және психолого-педагогикалық біліміне, оқыту және тәрбие әдістемесіне, үнемі жетілдіру қабілетіне, жеке қасиеттеріне байланысты.

Шебер сау психологиялық климатын, жоғары моральдық деңгейін, ұжымшыл қоғамдық қатынастарын сипаттайтын жұмысқа қабілетті және ұйымшыл студенттік ұжымды құру бойынша мәселені шешеді.

К.Д. Ушинский педагог тұлғасына үлкен мән береді, «көбісі оқу орнының жалпы тәртібіне байланысты, бірақ бастысы тәрбиеленушімен тығыз қарым-қатынас тәрбиешіге байланысты: тәрбиешінің тәрбиеленушіге әсер етуші тәрбие беру күшін не оқулықпен, не жазалау және көтермелеу жүйесімен алмастыруға болмайды».

Шебер студенттермен бірге өз педагогикалық тактісін жүргізеді, мәні тәрбиеленушінің ақыл-ойы мен мінезін қозғалысқа келтіруші қарым-қатынасты орнатудан құралады. Осы педагогикалық шеберлігінің ең қиын міндеттерінің бірі. Оның тәрбиеленушілері өзінің алғашқы тәлімгерінің көзімен таңдаған мамандығына қарайды,  жасаған істеріне қарай оны қадір тұтады. А.М.Горький «Адам табиғаты бойынша суретші» болып табылады. Ол барлық жерде «өз өміріне сұлулықты енгізуге» тырысады, бірақ бұл қасиеттер  оқыту, тәрбиелеу және еңбек қызметінде айқындалады. Сондықтан да студенттерде еңбегін саналы түрде қарастырады, орындаған жұмысының қоғамдық маңыздылығын түсіну,  ісіне шығармашылықпен қарауды ынталандыру.

Алғашқы күндерден бастап студенттер еңбегінің эстетикалық сезімдерін дамыту: ұқыптылыққа, жабдықты күтіп ұстауға, жоғары мәдениеттілікке, дәлдікке, сапалы орындауға және сұлулық сезіміне. Тәрбие жұмысының орталығында еңбек тәрбиесін қоюға тырысамын. Практиканың бірінші күнінен бастап студенттерге еңбек ету – материалдық және рухани байлығының негізгі көзі екендігін сөз етемін, адал еңбек ету құрметке лайық екі есе жоғары өнімді, әрқайсысына бастамшылдықты және шығармашылық жұмысты дамыту қажет. Тәрбие үдерісінде студенттердің өз мамндығына деген жағымды қарым-қатынасын дамытуға тырысамын, өз мамандығыма сүйіспеншілікпен қараймын және  студенттердің қатысуымен қажетті тәсілдер мен операцияларды орындаймын.

Студенттерді бірінші кезекте жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға үйретемін, қауіпсіздік техникасы және санитарлық гигиенаның ережесін сақтауға, керек-жарақты, құралдарды дұрыс пайдалана білуге үйретемін, әртүрлі тағамдар мен сусындарды дайындауды көрсету кезінде қажетті шеберлік пен дағдыларды дарытамын. 

Мен студенттерден менің істегенімді дәл қайталауларын талап етпеймін,  бұл студенттердің шығармашылық ізденушілігін жояды. Студенттердің өз қиялдарының пайда болуы жақсы, бұл қызықтырады, іскерлік құмарлықты тудырады, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артады. Оқыту және тәрбиелеудің табысы қызығушылықтарына байланысты: студенттер жиі табысты орындаған жұмыстарынан қуаныш сезіміне бөлінсе, өз күшіне деген сенімі және мамандығын игеру талабы артады. Студенттердің өз күшіне деген сенімділігін арттыру үшін, өзінің қадір-қасиетінің сезімін дамыту қажет, өзін қадірлей білуін дамыту. Өндірістік оқыту үдерісінде оларға жоғары моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге тырысамын. Әр сабақта мен тәрбиелік мақсат қоямын. Әрқайсысының сана-сезіміне азық-түліктердің үнемдеу тәртібін сақтау, қалдықтардың пайызын қысқарту не үшін қажет екендігін жеткізуге тырысамын. Студенттерді оқыту және тәрбиелеу кезінде шебердің басты рөлі мынада:, оған бекітілген топты басынан бастап  бітіргендеріне дейін жүргізеді., шағын ұжыммен жұмыс жасайды. Шебер өз студенттерін жақсы біледі, өндірістік оқыту сабақтарында студенттердің адамгершілік, ерікті, қабілетін, бейімділік, кәсібіне деген қарым-қатынасын және басқа да қасиеттерін толығынан және тереңірек зерттейді, Кәсіптік шеберлігін және жоғары моральдық қасиеттерін табысты қалыптастыру үшін шебер студенттердің арасында беделді болуы қажет.

Шебер беделі – студенттердің оның жеке қасиеттерін, жалпы кәсіптік білімі мен шеберлігін, жалпы мәдениетін ерікті түрде тану. Бедел күші мынада: студенттердің шеберді ерікті тануы және шеберге ерікті түрде бағыну. Беделді шеберде студенттердің тәртібі қияндық туғызбайды студенттер тәртіпті өздері қадағалайды, өз ортасында тәртіпсіздікпен күреседі. Шебер мақтанышы студенттерді қуанышқа кеңелтеді, өз қабілеттеріне деген сенімділігін және күшін нығайтады, оларды адал еңбекке және үлгілі тәртіпке шақырады.

Өндірістік оқыту кезеңінде мен оқытуды қадағалаймын және әр студенттің практика бағдарламасын табысты орындау үшін қажетті шаралардың қабылдануын жүзеге асырамын, студенттердің өндірістік практикаға бөлінетін уақытты ұтымды пайдалануын қадағалаймын,  студенттерге жақсы маман болуға көмектесемін, үздік өндірісшілердің тәжірибесімен алмасуға, өндірісте қолданатын заманауи технологиялық үрдістерді игеруге көмек беремін.

Сонымен қатар болашақ білікті маман үшін маңызды қасиеттерінің бірі кәсіпорында оқыту үрдісінде қалыптасатын кәсіптік дербестілік. Дұрыс ұйымдастырылған практика студенттерде таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді,  жұмыс класына тиесілігі үшін мақтаныш сезімі. Тек еңбекқорлық ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдық, тәртіптілік, жолдастық өзара көмек беру, кәсіби мақтаныш сезімі, ұжымшылдық қасиеттері қалыптасады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе  студенттер еңбек ету не екендігі жөнінде дұрыс білім алды, олар еңбек үрдісі  әрқашанда оларды рақатқа батырмайды, кез-келген еңбек әрқайсысынан дене және ақыл-ой энергиясын, тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін қоғам қажеттілігі болып табылады

Карта сайта