10 қараша күні математика пәнінің оқытушысы Нечаева Татьяна Евгеньевна І курс студенттері арасында «Жеті сынақ соқпақтары» атты ойынын өткізді.
Іс-шара келесі мақсаттарды қарастырды: танымдық қызметін белсендендіру, шығармашылық шеберлігін танытуға ықпал ету.
Ойын қойылған мақсатары мен міндеттеріне сәйкес келді. Ойынға екі команда қатысты: СК-10 және СН-18 тобы.
Сұрақтар білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған. Презентацияны І курс студенті Леонтьев Данил дайындады, ойын жүргізушісі үшінші курс студенті Ушкова Карина болды.
Ойын мына сайыстардан құралған.
- Әлемді сандар билейді.
- Геометрияда поэзиядан кем емес шабыт қажет.
- Математика және тарих.
- Анаграмма.
- Логика сұрақтары.
- Сөз құрастыр.
- Барлығы математика жайында
Қатысушылар математика сабақтарында меңгерген білімдерін, шеберлігі мен машықтарын көрсетті. Ойын ұйымдасқан түрде өткізілді, уақытына сай өтті, басқа пәндермен байланыс болды (тарих, физика, химия, өндірістік оқыту). Осы іс-шара өзекті болып табылады, білім алушылардың танымдық қызметін ынталандырады, ойлау қабілетін, дербестілігін және жакапкершілігін дамытады.
Қорытындысы бойынша СН-18 тобының командасы І орынды иеленді. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.