8 қарашада информатика пәнінің оқытушысы Соловьева Светлана Владимировна I-II курс студенттері арасында «Заман талабына сай қадам жасау» компьютерлік шеберлігінің конкурсын өткізді.
Осы іс-шараның мақсаты: білім алушылардың ақпараттық мәдениетінің деңгейін арттыру; білім алушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін дамыту; қарсыласын құрметтеуге, тапқырлыққа, мамндыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Мынадай әдістер қолданылды: көрнекілік, көрсетілімдік, практтикалық, ізденушілік, интерактивті, АКТ.
Жарысқа мына топтар қатысты: СП-10, СП-11, СКД-1, СКД-18, СПК-14, СПК-15, СН-18, СК-10, СО-28, СК-29. Студенттер жұппен жұмыс істеді.СО-28 тобының студенті Қазиева Мөлдір жүргізуші болды.
Конкурс 5 кезеңңен тұрды:
- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА (Power Point презентациялары). Студенттер өз мамандығының жарнамалық презентациясын көрсетті. Мына топтардың презентациялары өте қызықты болды: СП-11, СКД-17, СН-18.
- ҚАРАПАЙЫМ ЕСЕПТЕУЛЕР (стандартты Калькулятор);
- ХАБАРЛАНДЫРУДЫ РЕСІМДЕУ (Word мәтіндік редакторы):
- ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ІЗДЕУ (браузерлер);
- ФОРМУЛАЛАР МЕН ДИАГРАММАЛАР (Excel электрондық кестелер).
Әр тапсырма болашақ маманның бойыннан табылуы қажет қасиеттеріне сәйкес болды: өзін таныстыра білу, жеделдік, шығармашылық көзқарас, тапқырлық, зеректік.
Студенттер белсенді түрде жұмыс жасады, жарыс рухы байқалды, қызығушылық, қарсыласын құрмет тұту, шығармашылық көзқарас.
Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орындарды иеленді:
I орын – Легкий Даниель, Парпура Владислав, СП-11 тобы;
II орын – Кинес Шерхан, Молитвина Наталья, СПК-14 тобы;
III орын – Стаценко Ира, Жұмабекова Бәтима, СО-28 тобы.
Іс-шара қызықты және танымды болды. Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықты жетік меңгеру өзекті болып табылады, және жұмысқа орналасу кезінде өз септігін тигізеді.
Қазіргі күні қоғамға кәсіптік қызметі компьютерлік технологиялармен және ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты көп адам қажет. Сондықтан да «Информатика» пәні өте қажет.
Ақпараттық мәдениетінің жоғары деңгейі, дамыған ой-өрісі, кез-келген ақпаратпен сауатты түрде жұмыс жасай білу, кәсіпқойлық – ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайын тұлғаның басты сипаттамалары.