Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі студенттері үшін Н.Островский атындағы ОҚК қызметкерлері ғаламдық экологиялық мәселелерінің адамзатқа қауіп тудыру мүмкіндігі жайлы түсінік беру мақсатында «XXI ғасыр – ядролық қарусыз» ақпарат сағатын өткізді.

  

 

Іс-шара Семей полигонының жабылу күнінің 25-жылдығына орайластырылды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей сынақ полигоны ресми түрде жабылды, бұл еліміздің әлемдегі ірі арсеналдарының бірі ядролық қарудан бас тартуымыздың бастамасы болды. Полигонның жан түршігерлік салдары туралы ақпаратты толығырақ қабылдау үшін кітапханашылар жастарға электрондық презентацияны көрсетті: «Семей полигоны: тарих беттері», бейнероликтер: «Семей полигоны», «Қолы жоқ суретші», «Невада-Семей» қозғалысы».

Ақпарат сағаты ешкімді немқұрайлы қалдырмады, студенттер Семей полигонының аумағында тұрған куәгерлер естеліктерін, ядролық жарылысының салдарынан қолдарынан айырылған суретші Кәріпбек Күйіковтың әңгімесін тыңдады. Студенттер суретшінің ештемеге қарамастан   өмірге деген сенімін жоғалтқан жоқ.

І-шараны мына сөздермен: «Біз ядролық қаруға жоқ деп айтамыз! Қазіргі күні Семей ядролық полигоны бейбітшілдік мақсатта жұмыс жасайтын ғылыми зерттеу орталығына айналған» тәмамдады.

Карта сайта