2016 жылы 5 қарашада СО-37 тобында «Пампушка салынған украин борщы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ басында сабақ тақырыбы және мақсаттары жарияланды.
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру ойын түрінде өтті. Студенттерге 5 категория ұсынылды, әрбіреуінде 5 сұрақ. Әр сұрақ 200 – 1000 аралығындағы балл санымен бағаланды.
Мына тақырыптар бойынша сұрақтар дайындалған: қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында өндірісті және қызмет көрсетуді ұйымдастыру, аспаздық және даяшылардың қауіпсіздік техникасы.
«Шебер қолдар» категориясында практикалық жұмыс болды. Ойын өте қызықты өтті. Ең көп ұпай жинаған Ефанов Валерий.
Тәжірибелік тапсырманы барлық білім алушылар өте жақсы орындаған.
Содан кейін Пшеничко Юлияға, Чалов Русланға, Ященко Светланаға, озық тапсырмалар берілді, борщ пайда болуы тарихы туралы айтып берді.
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде «Пампушка салынған украин борщы» тақырыбына презентация көрсетілді. Студенттер аса қызығушылықпен борщ дайындау технологиясын қарады және тыңдады.
Соңында кіріспе нұсқаулықты бекіту үшін «Пампушка салынған украин борщы» дайындау технологиясы бойынша сұрақтар қойылды.
Үлкен құлшыныспен өз бетінше жұмыс істеді. Барлық тапсырманы орындап шықты. Борщ керемет болып шықты!