7 қарашада химия пәнінің оқытушысы Өтембекова Раушан Қабиденқызы организовала познавательное внеклассное мероприятие «Не? Қашан? Неге?» сыныптан тыс таңымдық іс-шарасын ұйымдастырды.

1-3 курсының топтары жұмылдырылған: СП-10, СП-11, СКД-18, СКД-17, СН-18, СН-27, СКК-34, СП-27, СП-28. «Титан» атты білгірлер командасы ҚҚКСК қызметкерлері мен оқытушыларының, сонымен қатар 3 курс студенттерінің сауалдарына жауап берді.

Іс-шараның алға қойған мақсаттары:

1) Студенттердің танымдық белсенділігін жандандыру, ғылыми-насихат әдебиеттерді оқуға тарту; логикалық және абстрактілік ойлау дағдыларын қолдану.

2) Ұқсастықты өткізу және қортынды шығару шеберлігін дамыту; түйсік арқылы нәтижелерді болжау.

3) өз ойын дәлелдей білу, тұжырым жасай білу.

Ойын барысында интерактивті тақтасы пайдаланылды, химиялық бейне-тәжірибелер көрсетілді. Іс-шарада презентация көрсетілді. (бейнесауалдары бар слайдтар). Жұмыс нысаны: топтық.

Жүргізуші Новаш Валерий. (СП-11 тобы), жанкүйерлермен ойынды Судак Алена (СКД-17 тобы) өткізді. Білгірлер командасының қатысушылары: Скороход Любовь, Дубинец Оксана (СКД-18 тобы), Курышкина Екатерина (СКД-17 тобы), Рубан Владислав (СН-18 тобы), Абих Эдуард (СП-10 тобы). Өтешев Сапар (СП-11 тобы). Сұрақтарды III курс студенттері қойды: Архипова Валерия (СП-38 тобы), Әубәкір Арыстанбек, Ушкова Карина (СП-37 тобы), Паненко Александра (СКК-34 тобы).

Қатысушылардың жауаптарын сараптама тобы бағаладыдиректордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Шалгимбеков, оқытушылар С. В.Соловьева, Л.А.Кушнарева, Ж.А.Кусеубаева, А.В.Котляренко.

Қатысушыларға 12 сұрақ қойылды, олардың ішінен бірі «Блиц-вопрос»  және «Қара жәшік» сұрақтары бар.

Студенттер жақсы дайындалған, жинақтылық, тапқырлықтары көрінді; белсенділіктерін танытты, қойылған сұрақтарға дұрыс және шұғыл түрде жауап берді.Нәтижесінде 11 сұраққа жауап берілді. Бір сұраққа жауап дұрыс берілмеген.Барлық қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара алға қойылған мақсатына жетті.

        

      

Карта сайта