28 қазанда Қостанай қызмет көрсету саласының коллледжінде «Күз ханзадасы және ханшайымы 2016» сайысы өтті. Бұл байқауда 15 жұп бақтарын сынады. Осы конкурсқа 1,2,3 курс студенттері белсенді түрде қатысты.

 

 

  

 

 

 

 

Конкурстық бағдарлама үш кезеңнен тұрды: қыздар дефилесі, күзгі гүлшоғыры, шығармашылық нөмірі.

Жігіттер әділқазылар алқасын өз қолдарымен жасаған тамаша күзгі гүлшоғырымен таңқалдырды.  Сондай-ақ қыздар да ерекше әсер қалдырды! Бүкіл залды әртүрлі материалдан жасалған керемет көйлектерімен таңқалдырды.Көйлектері гүлдерден, газеттерден, сөмкелерден, ас-үй дастарханынан  тігілген.

Көрермендер шығармашылық нөмірі кезінде  зор қуанышқа кеңелді , әр жұп романтикалық вальс биін сыйлады.

Барлық конкурсанттар  айырықша таланттарымен көзге түсті. Әділқазылар алқасына таңдау жасау қиынға түсті, өйткені барлық қатысушылар жақсы дайындалған, барлығына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Залда жылы және жайлы атмосфера сезінді.

Конкурс қорытындысы:

«Күз ханзадасы – 2016» СН-18 тобының студенті РУБАН ВЛАДИСЛАВ атанды.

«Күз ханшайымы – 2016»  СП-38 тобының студенті ҚАЛАБАЕВА ДИЛЯРА иеленді.

Барлық қатысушыларға осы іс-шараға белсенді түрде  қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Карта сайта