Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Соның ішінде халқымыздың аса көрнекті қоғам қайраткері - Ыбырай Алтынсарин.

 

 

 

 

Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы, педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Біздің колледжде Ыбырай атамыздың 175 жыл толуына байланысты жиырма бесінші қазанда шағын мерекелік кеш өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері, өлеңдері арқылы студенттерді имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Бұл мерекелік кеште Ыбырайдын өмірбаяны, ағартушылық қызметінің тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырғаны жайлы тақырып болды. Бұл Іс-шараға бірінші, екінші, үшінші курстардың студенттері қатысты. Олар Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айтып, ертегілерден өте тамаша үзінді көрсетті. Бұл студенттер барынша қазақ тілін үйреніп, ақын- жазушылар жайлы көп оқып, олардан үлгі алып, жігерлендіретін ұстаздарымыздың арқасы, олар - Маделина Алия Наукановна және Каржаубаева Даржан Шагировна. Осындай ұстаздарға барлық шыдамдылық танытып, тәлім- тәрбие беріп, бізге үлгі-өнеге көрсетіп жүргендері үшін барлық студенттердің артынан шексіз алғысымды білдіреміз.

СО-28 тобының студенті Қазиева Мөлдір

Карта сайта