Всякое знание остаётся мертвым грузом, если в учащихся не развивается инициатива и самостоятельность; учащихся нужно приучать не только к мышлению, но и к хотению.

Н.А. Умов

 

 

Дамып келе жатқан қоғамға әріптестік қатынасқа , конструктивті шешімдерді қабылдауға дайын, жауапкершілік және азаматтық сезімі бар білімді, жігерлі, білікті мамандар қажет. Сондықтан да кәсіптік және техникалық білім жүйесінің алдына мына маңызды міндеттер қойылды: білікті кадрларды даярлау, білім алушылардың  дүниетанымын кеңейту, түрлі өндіріс жүйелерінде еркін түрде бейімделу шеберлігі, кәсіби дербестілігін дамыту, өз еңбегін тиімді жоспарлау және ұйымдастыра білу, өз іс-әрекеттеріне  өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру. Заманауи кәсіптік оқу мекемесіне қоғамның негізгі талабы ғылыми, өндірістік, қоғамдық міндеттерді өз бетінше шешімін таба білетін, өз бетінше білім алу жолымен өз білімін жүйелі және үздіксіз  түрде жаңартып, толықтыра білетін ,шеберлігіни жетілдіре  білетін , шынайы түрде  шағармашылық түрінде қолдана білетін мамандар қажет.

Өндірістік оқыту шеберінің бірінші кезектегі міндеті – білім алушыны оқуға үйретеді. Басты құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін біз білім алушылардың өз бетінше ойлау және  өнімді дербес қызметінің машығын дамытатын түрлі педагогикалық технологияларды қолданамыз: мәселелік оқыту, жоба технологиясы, топтық және интерактивті технологиялары.

Білім алушылардың дербестілігін қалыптастыру жөнінде айта отырып, өзара тығыз байланысты 2 міндет жөнінде  айту қажет. Біріншісі, білім алушылардың танымдық қызметіндегі дербестілігін дамыту, оларды өз бетімен білім ді игеруге үйрету, өз дүниетанымын дамыту; екіншісі—оларды бар білімдерін оқу және практика қызметінде өз бетінше қолдана білуге үйрету . Өз бетінше жұмыс жасауға студенттерді ұйымдастыру және оқыту міндеттерімен және мақсаттарымен, оның мазмұнымен, әдістерімен, ұйымдастырушылық нысандарымен байланысты. Нәтижелерге қол жеткізу үшін студенттердің өзіндік жұмысы мынаны қамтиды:

- білім алушылар меңгеретін жаңа білімнің, шеберлігінің және дағдыларының нақты кешені;

- оқу мерзімін есепке ала отырып қол жетімді қағидаттарға негізделетін және  оқу мерзімін есепке ала отырып жақындау;

- жоспарлауды ұйымдастыру және өзін-өзі бақылауды қоса алғанда нақты құрылымның болуы;

- білім алушылардың танымдық қызметін белсендендіруші  нақты мақсаттың болуы.

Дербестіліктің жоғары деңгейі көрсетілген оқу әдебиетіне өз бетінше  қарастыру арқылы,қосымша мәліметтерді қоса отырып,  шебер ұсынған материалды білім алушы қайта құрастыру кезінде көрінеді. Оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуы білім алушының өз бетінше білім алуының басты факторы екендігі жөнінде сеніммен айта аламыз. Сондықтан да біз өз жұмысымызда  өзіндік жұмыстардың әртүрлі түрлерін қолданамыз. «Наубайшы» мамандығы бойынша өндірістік оқу сабақтарында  тек қана топты емес, сонымен қатар әр оқушыны бөлек назарға аламыз. Өздігінен жұмыс жасаудың тиімділігі үшін  жауаптары бар тестілеуді қолданамыз, тапсырма-кәртішкелері, мәселелік жағдайлар. Студенттердің өздеріне нұсқаманы сеніммен тапсырамын, , онда білім алушылар тапсырманы орындау үдерісін тек қана айтып қоймай, сонымен қатар көрсетулері қажет, сол арқылы өздігінен жұмысты арттырады. Мынадай жұмысқа жаңа материал және өтілген материал арасында байланыс орнатушы сұрақтар енгізіледі. Өздігінен жұмыс жасаудың қорытындысы  студентке жетістікке жетуінің қуанышын сезінуге, өз күшін сынауға, қиындықты жеңе білуге  мүмкіндік беретін оқу мәселесінің шығармашылық тұрғысынан шешімін табу болып табылады.  Өздігінен жұмыс  ақыл-ой еңбегінің жоғары мәдениетін көрсетеді: оқу техникасы, кітапты зерттеу, жазбаларды жүргізу ғана емес, сонымен қатар, дербес қызметіне мұқтаждығы, мәселеленің мәнін түсінуге ұмтылу, әлі шешілмеген мәселелрдің тұңғиығына ену. Осындай еңбек үдерісінде фактілер мен құбылыстарды талдау шеберлігіннің  дамуына , өз бетнше ойлауға, өз ойының шығармашылық дамуына өз көзқарастарын, түсініктерін, өз ұстанымын ұстануға ықпал ететін білім алушылардың жеке қабілеттері, олардың бейімділігі мен мүдделері көрінеді.

Ө/о сабақтарында өздігінен жұмыс жасауды ұйымдастыру үшін мына факторлар болу қажет деп есептеймін: он мотивацияны құру, білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауын ұйымдастыру кезінде алгоритмдерді қолдану,тапсырмаларды іріктеу кезінде жеке көзқарасы, жұмыстың әртүрлі кезеңінде кеңес беру, ақпараттық технологияларды қолдану.

Өзіндік жұмыстың мәні мынада: шебердің тікелей қатысуынсыз студенттің өзі орындайды, бірақ шебердің тапсырмасымен, басқаруымен және бақылауымен.

Білім алушыларға жеке қабілеттері тән. Сондықтан да білім алушылар қандай да өзіндік жұмысын орындаса да, олардың алдына қандай да мақсат қойылса да,   шебер әр білім алушының дайындық деңгейін ескеруі қажет. Барлық өзіндік жұмыстар әртүрлі күрделілік деңгейімен жасалады. Бұрын өткен материалды бекіту үшін белсенді түрде жоба әдісін пайдаланамын. Жобаны құру бойынша өзіндік жұмысы оқытылатын материалға деген танымдық қызығушылығының дамуына ықпал етеді, ойлау қызметін белсендендіреді. Осылайша өндірістік оқыту сабақтарында жауапкершілік сезімін дамыта отырып, өз тәрбиенушілеріме өмірлік маңызды құзіреттіліктерді, мамандыққа деген сүйіспеншілікті дарытамын.

  

Өндірістік оқыту шебері: Шикина Ольга Николаева

 

Карта сайта