2016 жылы кәсіби мерекені Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі лайықты нәтижелермен қарсы алды. Колледж жоғары кәсіби мамандардың даярлығын жүзеге асырады. Колледж директоры Мақанов Жанділдә Қожахметұлының басшылық етуімен шығармашылық кәсіби ұжым қалыптасты.  

 

 

 

 

Біздің мемлекетіміздің Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының жұмысшы мамандықтарының бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарын даярлаудың сапасын жақсарту жөнінде Тенхникалық және Кәсіптік білім берудің алдына қойған міндеттерінің маңыздылығын түсіне отырып, педагогикалық ұжым осы талаптарға толық түрде сәйкес болуына барлық мүмкіндікті жасайды. Білім беру үдерісінің тиімді болуы үшін барлық жағдай жасалған. Тәжірибелі оқытушылары мен шеберлері білім алушылардың шығармашылық дарынын барынша ашуға, өмірлік маңызды құзыреттіліктерді үйретуге, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға ұмтылады. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған, зертханалар заманауи жабдықпен қамтылған.

Кез-келген ТжКБ оқу мекемесінің табысты болу көрсеткіштерінің бірі түлектердің жұмысқа орналыстырылуы болып табылады. Біздің саламыздың мамандары тамақтану кәсіпорындарына және сауда орталықтарына өте қажет. Қаламыздағы мейрамханалар, дәмханалар, «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы біздің әлеуметтік серіктестер болып табылады.

ҚҚКСК білім алушылары колледждің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады, республикалық, облыстық, халықаралық сайыстардың, жарыстардың, олимпиадаларының үздіктері, жеңімпаздары болып табылады. Көптеген жылдар бойы біздің тәрбиеленушілеріміз - облыстық кәсіби сайыстардың жеңімпаздары.   

Ұжымның жоғары кәсіпқойлылығы және жұмысқабілеттілігі республикалық деңгейде лайықты бағаға ие болды. 2016 жылы ресми статистикалық деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының қызметін саралау нәтижелері бойынша "Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі" МКҚК, ел көшбасшыларының үздік 10 колледждерінің қатарына кірді, 7 орынға ие болды, «Лидер отрасли» жоғары мәртебеге ие болды, ҚР ұлттық көшбасшыларының тізіміне енді. Мұғалімдер Күні кәсіби мереке күні колледж ұжымы «Лидер отрасли 2016» ұлттық сертификатымен және қабырға медалімен марапатталды. Білім берудің дамуына қосқан үлесі үшін  директор Мақанов Жанділдә Қожахметұлы «Гордость экономики» орденімен марапатталды.

«Лидер отрасли 2016» ұлттық сертификаты және қабырға медалі РҚН Одағының рейтенгісінде көшбасшылық позициясына ие болған ұйымдарға беріледі. Марапат кәсіпорынның мінсіз беделін және Қазақстан экономикасына деген қомақты үлесін растайды.

Білім — қоғамның экономикалық дамуының негізі. Білімнің дамуына қосқан үлесі үшін директор Мақанов Жанділдә Қожахметұлы «Гордость экономики» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру оқу мекемелерінің ұлттық рейтингі шеңберінде аға шебері Яновщенко Светлана Ильинична кәсіби жетістіктері үшін медалімен марапатталды. «Специалист года 2016» номинациясындағы Ұлттық сертификаты бас есепші Теслева Татьяна Ивановнаға табыс етілді. 

Қазақстанның білім беру модернизациясының жаңа кезеңіне өтуі, ұжымның кәсіпқойлылығына және күшіне деген сенімділігі халықаралық және салааралық байланыстарды кеңейту арқылы оның дамуына күш береді: 24 қыркүйек 2016 ж. Орынбор қызмет көрсету салысының колледжімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Болашақта – Алматы сервис колледждімен қызмет көрсету саласындағы ТжКБ мамандарын даярлау шеңберінде серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойылады. Бұл колледж білім алушыларының және педагогтарының кәсіпқойлылығының дамуына және нығайтылуына жаңа мүмкіндіктерді ашады. 

Карта сайта