22 сәуір күні Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің кітапханасында «Кітап-әлем коды» / «Книга-код мира» көрмесінің тұсаукесері өтті. Іс-шара Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылды. Сондай-ақ СК-25 және СА-25 топтарының 1-курс студенттері үшін «Библиотека 2.0: смартфон дәуіріндегі сенің жаңаруың» атты кітапхана сағаты өткізілді. Іс-шара аясында қатысушылар кітаптың тарихымен танысып, қазіргі ақпараттық ағындармен жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеріп, «Білімді тап» QR-квестіне қатысты.

Карта сайта