«Заң мен тәртіп» пилоттық жобасын іске асыру аясында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және студенттердің құқықтық санасын арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» тақырыбында сабақтар өткізілуде. 2026 жылғы 17 сәуірде Қостанай облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокурор көмекшісі Умурзаков Р.Р. «Мектептегі дезадаптация: құқық бұзушылықтар» тақырыбында оқу сабағын өткізді.

Карта сайта