2026 жылғы 17 сәуірде тілдік пәндер апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының жетекшілігімен «Абай-ұрпақ жүрегінде» тақырыбында ашық сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараға МЗ-25, ПС-25/1, ЭРЭ-25, МЦТ-25 оқу топтарының 1 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында білім алушылар жоғары белсенділік пен қызығушылық танытып, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқыды, «Жас Абай» көрінісін сахналады, сондай-ақ ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Өткізілген іс-шара білім алушылардың Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасы мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Карта сайта