2026 жылғы 13 сәуірде Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Білім беру-мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының білім беру саласындағы нормаларын іске асырудың өзектілігі атап өтіліп, оның мемлекетіміздің негізгі заңы ретінде әрбір азаматтың өміріндегі маңыздылығы айқындалды. Білім алушыларға Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен мазмұны түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Карта сайта