2016-2017 оқу жылынан бастап біздің колледж өзі үшін  пайдалы дәстүрге айналдырды: күн сайын таңертең жатақханада  тұратын студенттер жетекші және  колледж директоры Жанділдә Қожахметұлымен  бірге флешмобқа шығады, бүгін олардың қатары қызықты қонақтармен толықты . Бұлар конькимен жүгіру спортының спортшылары Кузин Денис және Жигин Александр, олар біздің  флешмобқа аса қызығушылықпен қатысты. Содан кейін колледждің  салтанат залында кездесу өтті, онда өздері жайында айта кетті, студенттер мен педагогтардың сұрақтарына жауап берді.

Денис  Валерьевич Кузин  өз жеңістері және жеңілулері жайында естеліктерімен бөлісті. Бір  кезде ол көптеген жарақаттар алып ,оған ауруханада күрделі ота жасалды , сол кезде спортпен қоштасты. Бірақ сол қиын уақытта  жаттықтырушысы қол ұшын беріп,  берілуге болмайтындығын айтты. Ал 4 ай уақыт өткеннен кейін Денис Кузин маңызды чемпионатта жеңіске жетті.

 

Александр Александрович Жигин  өзінің Үлкен спортқа түсу жолы туралы айта кетті, өз жанұясы жайында, болашақ жоспарлары туралы айтып өтті.

Сұхбаттан кейін барлық ниет білдіруші қауыммен қуана-қуана суретке түсті, кішігірім сувенирлерді сыйға тартты және  біздің студенттер оларға тәтті сыйлықтар табыс етті.  Атақты спортшылар барлық қатысушыларға  табысты болуларына, өз мақсаттарына қол жеткізе білулеріне, өздерін дене және рухани  жағынан дамытуға тілек білдірді.

 

Карта сайта