Бірінші қыркүйек күні — оқушылар мен педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталу мерекесі болып табылады
Бұл күні біздің колледжде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары С.Б.Молдашеваның ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Жүргізушілер: педагог-психолог А.Н.Каминская және ө/о шебері Б.С.Баудинова барлық студенттерді және олардың ата-аналарын Білім Күнімен құттықтады.
Бірінші қыркүйек мерекесі– бұл білім нәрін берушілер және осы білімнің күрделі жолдарын бағындырушылар үшін есеп беру нүктесі,. Бірінші курс студенттері үшін - жаңа, ересек өмірге қадам жасау, жоғары білікті маман атануға мүмкіндік береді. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бірінші кыркүйек күнін ерекше толғаныс пен қарсы алады, жаңа, оларға әлі белгісіз әлем мен танысуға ниет білдіруші студенттердің қатары толығатынын түсінеді. Мерекелік іс-шарада бұл туралы колледж директоры Ж.Қ. Мақанов сөз етті. Барлық жұртшылықты осы тамаша мерекемен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тар мен жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдірді. Оқуға аса ойлампаздықпен, шығармашылық тұрғыдан назар аудару қажеттілігін айта кетті, болашақ мамандықтары арқылы студенттер лайықты марапатқа ие болып, шеберліктің барлық қыр-сырын аша білсін.
Колледж қонағы ӨҒӘО әдіскері М.А.Исмагилова біздің колледж жөнінде жылы лебізін білдірді, осында оқытылатын мамандықтардың маңыздылығы жайында, біздің түлектерге жұмысқа орналастырылуына кепілдік беретін әлеуметтік әріптестік жайында сөз қозғады.
Білім Күніне арналған мерекелік іс-шарасында өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін топ жетекшілері студенттер үшін мына тақырыпта сынып сағатын өткізді: «Конституция: тұлға, қоғам және мемлекет».