2026 жылғы 18 наурызда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі базасында II облыстық «Бауырсақ Fest 2026» фестивалі өткізілді. Іс-шара аясында қатысушы командалар Наурыз мерекесінің атмосферасын бейнелейтін ұлттық стильде «Арт-стол» безендіріп, түркі халықтарының дәстүрлері мен ұлттық нан түрлеріне арналған байқауға қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар үшін қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау және ұлттық ою-өрнек элементтерімен бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттарының таныстырылымдары ұйымдастырылды.Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:Бас жүлде: Қостанай қызмет көрсету саласының колледжіI орын: Рудный технология және сервис колледжіII орын: Қостанай ауыл шаруашылығы колледжіII орын: Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжіIII орын: Қарасу ауыл шаруашылығы колледжіIII орын: Камшат Дөненбаева атындағы кәсіби-техникалық колледжФестивальге қатысқан барлық қатысушыларға және команда жетекшілеріне белсенді қатысқандары, жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық көзқарастары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз! 

Карта сайта