2026 жылғы 03 ақпанда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттерге дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Аталған бағдарлама аясында оқу жалпы білім беретін теориялық дайындықты колледж базасында іске асырылатын тәжірибеге бағытталған модульдермен біріктіруге негізделді. Бұл түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат пен кәсіби біліктілік туралы дипломды бір мезгілде алуға мүмкіндік берді. Оқуды барлығы 31 студент аяқтады, олардың 9-ы ерекше үлгідегі дипломдарға ие болды. Эксперименттік бағдарламаны іске асыру бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және білім алушылардың кәсіби әрі білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Телефондары
110000, Қостанай қ.,
Н.Назарбаев даңғ., 68
Тел факсі: 8 7142 54-28-15
Қабылдау кабиентінің
тел: 8 7142 54-28-15
Абай даңғ., 23
Тел факсі: 8 7142 22-28-33
Қабылдау кабиентінің
тел: 8 7142 22-28-33
Эл. поштасы:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.



