Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықты.Қостанай облысының ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне кітаптарды сыйға тартқандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Ерекше алғыс Попков Геннадий Анатольевичке жеке кітапханасынан берілген көркем әдебиеттері үшін және Брагина Ирина Владимировнаға аспаздық өнерге арналған кітаптары үшін жолданады. Дар еткен азаматтарға жомарттығы, кітапханаға көрсеткен ықыласы және оқу мәдениетін сақтау мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамыз. Мұндай бастамалар қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады.

Карта сайта