Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде «Біз-адал әрі нағыз патриоттар ұрпағымыз» тақырыбында студенттік белсенділер мен өңірдің жас лидерлерінің кездесуі өтті. Іс-шара аясында волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесудің құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасының ұлттық волонтерлік желісінің үздік волонтері Юрий Вагин, Қостанай облысының «Жыл волонтері» Сауле Турсунова және Қостанай қаласының «Жыл волонтері» Малика Манарбекова болды. Қонақтар өз тәжірибелерімен, жетістіктер тарихымен және жүзеге асырылған бастамаларымен бөлісіп, волонтерлік-бұл белсенді өмірлік ұстаным, отансүйгіштік және қоғамның дамуына қосқан үлес екенін көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Волонтерлік және еріктілік жылы деп жариялау жөніндегі бастамасы қолдау тапты.

Карта сайта