Әкімдіктің 2016 жылғы

21 маусымдағы

№ 286 қаулысына

1-қосымша

 

 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер 

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінберу нысаны: қағаз түрінде.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген) бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдаумен оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 5 (бес) минут.

күндiзгi оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкі) оқу нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын тіркеу;

  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға береді, 2 (екі) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

  • көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, 3 (үш) минут, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық берушілерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
  • көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдап, оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 5 (бес) минут.

күндiзгi оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкі) оқу нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға береді, 2 (екі) минут;
  • көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, 3 (үш) минут, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.

8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

 

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 

Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

 

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

Шартты белгілер

Карта сайта