Сабақ СМ-34 тобында өткізілді, тізім бойынша 27 адам, қатысқандар 25 адам, босатылғандар 1 адам.
Сабақ конспектісі айталмыш жастың жұмыс жоспарына және бағдарламалық талаптарына сәйкес келеді. Білім алушылар сабаққа спорт киімімен қатысты. Спорт залының ауасы таза, әр топқа спорттық мүліктері дайындалды. Сабақ сапқа тұрғызудан басталды. Сабақтың мақсаты және міндеті анық әрі нақты жарияланды, қойылған міндеттер алдында өткен материалмен тығыз байланысты екендігіне акцент жасалды. Білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру кезінде алға қойылған оқу міндеттерін саналы түрде орындау басты мақсаты болды.
Сабақтың кіріспе-дайындық бөлімі 11 минут созылды, әннің ойнатылуымен бір орында қозғалыстың жалпы дамыту жаттығулары жасалды,орындау үрдісінде барлық бұлшық еттер қозғалды.
Сабақтың басты мақсаты 25 минут өткізілді. Сергіту уақытында демалыс жаттығулары қолданылды, демінің қалпына келтірлуіне ықпал етті және сауығу жаттығуын жасады, демалу бұлшықетінің дамуы.
Сабақтың негізгі бөлігін өткізу үрдісінде ұйымдастыру қызметінің басты ұстанымдарын пайдаландым:
- әр оқушының жеке ерекешеліктерінің ұстанымы,
- өз бетінше дамуының ұстанымы,
- тұтастық ұстанымы тәрбие беру міндеттерін шешу кезінде қолданылды, онда әр оқушының жағымды мүмкіншіліктері айтылды.
- адамгершілік қатынастың ұстанымы
- мейірбандылық, өзара түсінушілік, оқушының алға қойылған міндеттерін шешуге қол ұшын беру.
Сабақтың қорытынды бөлімінің ұзақтығы 4 минут. Оның уақытында қалпына келтіру және арнайы жаттығулар жасалды. Алға қойылған міндеттерді талдауымен сабақ қорытындысы жасалды.
Сабақ барысында ынталандыру және уәждемелік әдістер қолданылды. Оқушылармен қарым-қатынас стилі – өзара құрметтеушілік,сенімділік қарым-қатынас. Білім алушылар тапқырлықты, топтарда өзара әрекеттестік шеберлігін көрсетті.
Сабақ барысында оқушының сабаққа уәждемелілігі байқалды:
Білім алушыларға әуеннің сүйемелдеуімен жасалатын жаттығулар ұнайды, би дағдыларын жақсы меңгерген. Тапсырмаларды орындау кезінде білім алушылардың өздерінің жеке қажеттіліктерінен қанағат алады,ол өткізілген сабақтың аясындағы алған шеберлігі мен дағдыларынан айқын көрініс табады.
Сабақты ұйымдастыруды қамтамасыз ету кезінде мыналарға назар аудардым:
- ұйымдастыру нысандарын қолданудың тұтастығы;
- сабақта уақытты пайдалану тұтастығы (түсіндірме жұмысы, көрсетілім, жаттығуларды орындау, белсенді демалыс);
- қауіпсіздік техникасын сақтау (аралық, ара қашықтық).
Сауығу міндеттерін шешу кезінде білім алушының функциялық күйіне назар аударылды, бір бөлімнен екінші бір бөлімге өтуден кейін жүктеменің белсенді демалысқа ұласуы.
Тәрбие жұмысын шешу кезінде мен тәртіпке аса назар аудардым, топтық жаттығуларды орындау кезінде ұжымда өзара әрекеттесуі. Сенімді жағдай жасауға және өз-өзіне сенімді болу қасиетін дамытуға тырыстым.
Аталмыш дайындық кезеңіне сәйкес келетін жеке жұмыстың жүктемесін жоспарлау арқылы байқалады.
Өткізілген сабақ қойылған міндеттерге сәйкес келді. Барлық білімділік, тәрбиелілік және дамытушылық мақсаттары шешілді. Осы сабақтың болашақ міндеттері бар, өйткені жалпы дене дайындығының үйренген технико-техникалық машықтары волейбол бойынша оқу ойынында қолданылады. Сабақты құрудың әртүрлі әдістері мен нысандарының арқасында, білім алушылардың дене тәрбиесі сабағына және волейболға деген қызығушылықтары арта түседі.