Қазіргі заманның ағылшын тілі мұғалімдерінің басты міндеті – шетел тілінде қарым-қатынасының  кезінде тілдік кедергілерді алып тастау. Білім алушылардың тілдік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру тек қана тілдік кедергіні төмендетуге ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың тілді меңгеріп жатқан елдің дәстүрлері мен мәдениеті туралы білімін кеңейту.

 

 

Кәсіптік колледжге нақты білімі бар білім алушылар келеді. Көбінесе, бұл бөлек лексикалық бірліктері мен грамматикалық ережелерінің білімі. Кәсіптік колледжде менің ағылшын тілі оқытушысы ретінде міндетім, – сөз және мағыналық сөйлемдерге бөлек лексикалық бірліктерін және грамматикалық ережелерді қосуға үйрету.  Бұл үшін мен мәселелік оқыту технологиясын қолданамын. Сабақты жиі шиеліністен бастаймын. Мысалы, сабақта  “Famous people” тақырыбы бойынша  студенттер атақты адамдардың суреттерін қарайды және сұрақтарға жауап береді: “Who is on the photo?”, “What do you know about him/her?”, “What does he/she famous for?”. Хабарландыруларды немесе жазуларды пайдаланамын, олар Британияның нақты орындарында және көшелерінде ілінеді. Сабақта “Theater and cinema” тақырыбы бойынша мен, “Do Not Talk During the Show’театрда қолданатын хабарландыруды көрсетемін,   “Where can people see this sign?”, “Call places where this sign can be used?” мәселелік сұрақтарды қоямын. Хабарландырулар, афишалар және маңдайшадағы жазу  белгілі нақты орындарда  оқушылардың тәртіп әдебіне үйренуіне ықпал етеді, елдің тұрмысымен және мәдениетімен таныстырады. Сонымен қатар қысқа аудио/бейне жазбаларды қолданамын, Көріп, тыңдағаннан кейін пікірталас ұйымдастырамын. Бұл жаттығулар оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, алдында өтілген сабақ тақырыбын еске түсіруге көмектеседі және ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады.

Жаңа білім беру кезеңінде дамытушылық оқыту технололгиясының элементтерін пайдаланамын, студенттерге бөлек сөздер емес, сөз тіркестері беріледі. Білім алушылардың көбісіне әр сөзді бөлек жаттағаннан гөрі, тұтас фразаларды есте сақтау жеңілдеу болады.  Сабақта әріқарай жұмыс жасаған кезде  бір сөздің, сосын басқа сөздің аудармасын өз жадысынан немесе сөздіктен іздестірмейді, сөйлеген кезде дайын айналымды қолданады, бұл оларға грамматикалық тұрғыдан сөйлемді құрастыруға көмектеседі. Бұл аз уақытты талап етеді, сондықтан да спонтанды сөйлеу пайда болады – үздіксіз және өзара байланысқан. Мен мәтінмен жұмысқа аса назар аударамын. Мәтін ағылшын тілі тасығыштарының сөйлеу өнімінің жүйесін білдіреді.Мәтін  барлық сөйлеу қызметінің түрі бойынша оқытудың нақты және нәтижелі негізі болу үшін, барлық кезеңдерді сақтау маңызды: Pre-reading Activities, While-reading Activities, Post-reading Activities. Мәтінмен жұмыс жасау  үшін жатттығулар саны сан алуан, мен өз сабақтарымда  бір кезеңде сан алуан жұмыс түрлерін қолданамын. Грамматикалық материалды оқыту кезінде, оқушылардың жеке мысалдарына аса көңіл бөлемін. Әрқашан оқытылатын грамматикалық материал бойынша  жеке мысалдарын келтірулерін сұраймын, және онда осы сабақта өткен  лексикалық бірліктер қолданулары қажет. Грамматикалық құрылымдарды қолданудың өз мысалдарын келтіре отырып, оқушылар тақырыпты бекітеді, сөйлеуінде жаңа лексиканы қолдануға үйренеді және бір топта оқитындардың қателерін түзету мүмкіндіктері бар және  әріқарай осындай қателерді қайталамау. Барлық сабақ ағымында  оқушылардың жұмысы осылай құрылады, студенттер сабақтың  70% кем емес уақыт жұмыс жасау қажет, ал қалған  30%  уақыт жаңа материалды түсіндіруге кетеді, оқушылардың қателерін түзету және  үй тапсырмасын сұрастыру.

Оқушылар сабақтың әр кезеңінде сөйлеу, оқу, жазу және тыңдау дағдыларын дамытады, болашақта тілді тасымалдаушының сөйлеуін түсініп қана қоймай, әңгіме және пікірталасқа қатысуға көмектеседі. Осылардың барлығы ағылышын тілін оқуға деген таңымдық  қызығушылықтарын дамытады..

Мына айтылған сөздермен толық келісемін: «Қанша тіл  білсең, сонша рет сен адамсың». Басқа ұлтты толық түсіну мүмкін емес, оның мәдениетін, тұрмысын, дәстүрін,  тілін білмей, өйткені кейбір түсініктер мен сөздерді дәл аудару мүмкін емес, ұлттық нақышты толық көлемде беру, әсіресе тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді.

Өз тәжірибемнен мен өзім үшін қорытынды жасадым,ағылшын тілі сабақтарында тек қана тілді үйретіп қоймай, сонымен қатар оқушыларды шетел халқының дәстүрлері мен мәдениетіне тарту.

 

Карта сайта