2016 жылдың 29 мамыранда филормония залында Ақылбек Шаяхметтің шығармашылығына 50 жыл толуына байланысты шығармашылық кеші өтті. Филормония залында ақынның шығармашылық жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Кеш Қостанай облысы әкімінің орынбасарының құттықтау сөзімен ашылды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген ақынның жолдастары, қаламгерлері ақынға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын ортаға салды.  

 

Ілияс Омаров атындағы дарама театрының әртістері «Өкініш» атты спектакльден үзінді көрсетіп, ақынның драматургия саласындағы шеберлігін көрсете білді. №24 мектеп-гимназиясының оқушылары ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды.

Кештің соңында ақын өзінің шығармашылығынан орыс және қазақ тілдерінде өлеңдерін оқып, келген қонақтарға алғысын айтты. Кешті Арыстан Құрманов Ақылбек Шаяхметтің сөзіне жазылған әнмен аяқтады. Кеш өте қызықты, тартымды өтті және тәрбиелік мәні өте зор болды.

 

Карта сайта