«Жастар - болашағымыздың тірегі!»
Нұрсұлтан Назарбаев
Карина, өзін жайлы қысқаша айтып берші.
Аспазшы мамандығының екінші курсында оқып жатырмын. Мамандығым өзіме өте ұнайды. Шеберім тамаша адам. Онымен жақсы тіл табыстық.. Ол маған көмектеседі, менде әлеует бар екенін айтады.. Арықарай, менің қалалық байқауларға қатысқанымды қалайды. Соған мені дайындайды, оқытады. Бос уақытымды мен колледже өткіземін. Тобым артымнан жақсы ерді, сондықтан да маған топ басшысы бол деген ұсыныс жасалды. Арықарай мен колледж президенті, топ басшылары активінің төрайымы болдым. Колледжде өзімді жан-жақты көрсетемін, байқатамын, мен билеймін, ән айтамын, өлеңдерді жатқа айтамын.
Оқып жатқан жылдар ішінде өзінді қалайша таныттың?
Мен үздік оқығым келеді. Әзірше бұл қолымнан келмейді.. Бәрі алда деп ойлаймын. Бұл колледжде мен ашылдым, , менде үлкен әлеуетті көре білді, мектепте мен ұялшақ, ішімнен тынып жүрдім.
Сенің ойынша, сені осындай беделді лауазымға ұсынудың негізі не деп ойлайсың?
София Базарбекқызына менің белсенділігім, барлық жерге үлгерлеушілігім, бір орында отырмайтындығым ұнайды. Үнемі қозғалыста жүретінім ұнайды, бүкіл жерге үлгеруге тырысамын. Біздің студенттермен қарым-қатынаста болуым, қоғамдық жұмыстарды дайындау ұнайды. Біздің колледжде жиі қанық бағдарламалары бар іс-шаралар өткізіледі. Маған өте қызық.
Сенің ойынша, басқа студенттерден қандай қасиеттермен ерекшеленесің?
Өзін-өзі тану сабақтарында жиі сұрақ қояды: «сен қандай тұлғасың?». Өзім туралы айту қиын, сондықтан да мен туралы басқалары айтсын деп сұраймын. Көп оқытушыларға менің мақсаттылығым ұнайды. Мен әрқашан мақсат қоямын және оларға қол жеткізуге тырысамын.
Біздің колледжіміздің артықшылығы неде деп ойлайсың?
Менің ойымша ең қажетті, ең қызықты мамандықтар мен кәсіптер- біздің колледжімізде деп санаймын. Бізге жана директор келді. Мен оның келгеніне өте қуаныштымын, осы аз уақыт ішінде ол көптеген жұмыстарды тындырып үлгерді. Осындай директормен біздің колледжіміз талай белестерді бағындыратынына сенімдімін.
Осы уақыттағы жетістіктеріне қай фактор басты ықпалын тигізді?
Менің тобым өте ұялшақ болып келеді. Алғашқыда мен белсенді ұстаным байқаттым, ұялмау керек екендігін, өзін жақсы жағынан көрсету керек екендігін. Нәтижесінде бәрі қолымыздан келді, ақырындап үйрене, бейімделе бастадық. Келесі іс-шараларға қатысамын деушілердің қатары артты. Енді мен оларға бәрін бірге жасауымыз керектігін, күшіміз-бірлікте екендігін айтамын.
Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл. Осы жылдар ішінде біздің қоғамымыз қандай жастарды тәрбиеледі деп ойлайсың?
Менің ойымша біздің жастар оқуға көп көңіл бөледі деп ойлаймын. Егер қыз бен жігіттің қарым-қатынасын қарастырсақ, жігітке ақылды, оқымысты, тез тіл табысатын қыздар ұнайды. Жалпы айтқанда, қазіргі жастар ақылды болу керек. Болашағымыз өзімізге байланысты. Бізге патриоттық, толеранттылық қасиеттерін дарытады. Өз еліне, өз Отанына деген мақтаныш сезімі оянады.
Әңгіме жүргізген Елена Ахонова
мамандығының І курс студенті