Әрбір халықта әлемдік ауқымда ойлайтын адамдар баршылық. Мұндай адамдар өздері шынайы сенетін әрекеттерге бағытталып әрекет етеді.Олар жалпы жетістікке қол жеткізетін маңызды іс-әрекетке жасауға  еш қорықпайды. Осындай адамдардың қатарына Олжас Сүлейменовты жатқызуға болады. Халық қаһарманы, атақты ақын. Көпшілігі оның жасаған ерліктерімен, керемет туындыларымен таныс.

 

Олжас Сүлейменовтың «Но людям я не лгал» атты кітабы бар. Бұл кітапта ол оқырмандармен өз өмірімен бөліседі. Бірде студенттердің мына сауалына «Бұл кітаптан жастар және ересекетер не алады?» Бұл сұраққа ол жауап берді:

– Бұл кітап – жеке тұлға дамуының тарихы, бұл кітап адам даму сатысын көрсетеді. Бала кезінен өсіп, ересек болады. Бірақ жас қалпын жоғалтпайды және көп жасқа дейін жастық шағымен қоштаспайды. Идеал сақталады. Осыны міндетті түрде кітаптан табу керек. Бұларды социализм, гуманизм, интернационализм  т.с.с. деп атаңыз. Өз ошағына, халқына, адамдарға деген махаббат  – осылардың бәрі де идеал болып табылады. Сондықтан да мен кезімде БҒМБҰҰ бас конференциясында ғаламдық сана-сезім жылы деп атауға ұсыныс жасағам, адамдар қандай да бір ұлттық сана сезім, дін, нәсілдік және тағы басқалардың шегінен шығып, жалпы адами құндылықтарға шығу керектігін айттым.  Тек өз нәсілінің, халқының құндылығын ғана білмей, сонымен қатар осы жерде сүретін әрбір жанды құндай білу.

Оның сөзінен ол әлем адамы екенін көріп тұрмыз. Өз туындыларын, шығармаларын адамзат бірлігіне арнағанын түсінеміз. 18 мамырда ол 80 жасқа толды. Осыған байланысты біз СКД-26 тобының студенттеріне мына сұрақтарды қойдық: Пак Диясқа және Нұржанова Томириске: «Олжас Сүлейменов туралы не білесіңдер?» Мынадай жауап алдық.

Пак Дияс:   Мен оның ақын, қоғам қайраткері екенін білемін. Семей қаласындағы ядролық полигонын жою үшін күресті.

Нұржанова Томирис: Олжас Сүлейменов Алматыда туды. Ол атақты ақын. Оның ««Земля, поклонись человеку!» дастаны  тұңғыш ғарышкері – Юрий Гагаринге арналған.

 

Карта сайта