1-мамыр бірлігі жарасқан жасампаз еліміздің елеулі мейрамы. Мемлекетімізде 1996 жылдан бері атап өтілетін бұл мереке, халқымыз үшін еңсесі биік елдіктің нышанына айналады. Әлем жұртшылығы бізді бейбітшілігі бекем республика ретінде біледі. Оның куәсі-бірлесіп атқаратын еңбек теріміздің жемісі. Болашағымыздың негізі боп табылатын өскелең ұрпақ та, осы ұлағатты дәстүрді ерекше кастерлейді. Аға буын өкілдерінің өнегелі үлгісін көріп өсіп келе жатқан жастардың, әлбетте тұтастықты әспеттейтіні хақ. Тату-тәт-ті ғұмыр кешіп жатқан сан түрлі халықтың мәдениеті мен салт-жоралғысын, замандастарымыз саналарына сіңіріп келеді. Бұл-бейбіт әрі берекелі өмір сүруге бейімділіктің бағасыз белгісі. Өзгеше өрнегі бар, торқалы той саналатын ынтымақ күнін біздің білім ордамыз айрықша атап өтті.

 

Бүгін қаламыздағы «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде» алдағы 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі» атты игі шара өтті. Мерейлі мереке құрметіне білім ордасының 1-2-курс студенттері, жиылған қонақтарға еңсесі биік еліміздің ауызбіршілігі жарасқан  түрлі ұлттарының ас мәзірлеріндегі тағамдарды таныстырды. Көрме барысында білім алушылар әр халықтың тамақ әзірлеудегі ерекшеліктері мен әр астың қысқаша тарихы туралы әңгімелеп берді.

Ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – мемлекетімізде мекен ететін барлық этностарға деген толеранттылықты арттыру, халықтардың тұрмысы мен мәдениетіне деген құрметтің ұлғаюына ықпалдасу. Осы сынды тәрбиелік жұмыстар арқылы колледж студенттерінің бір-бірлеріне деген достық қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау, — дейді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары София Базарбекқызы.

 

Карта сайта