Даяшы мамандығы… Таныстарды кездестірген кезде олар маған «Немен айналысасың» деген сауалға «колледжде даяшыларды оқытамын» дегенде, олар таңқаларлық кейіп танытады. Содан кейін сұрақ қояды: «Бұл мамандыққа оқу керек пе?» Иә, керек! Өйткені даяшы мамандығы әрқайсымыздың өмірінде қажетті маңызды заттарға үйретеді. Бұл мамандық сауатты және сыпайы түрде қарым-қатынас жасау, әдептілік ережесін сақтау, әр ыдыс-аяқ, аспаптардың қай жерде, не үшін қолдану мақсатын және оларды дұрыс қолдана білуді үйретеді.

 Қай қыз-келіншек болса да қонақ келгенде  үстелді әдемі сәңдеуді,безендіруді білгісі келеді ғой, қай шарапты қай тағаммен ұсыну керектігін білгісі келеді. Бұл маман білу қажеттілігінің аз үлесі ғана. Клиент  мейрамханадан тек тоқ емес, сонымен қатар жақсы, көтеріңкі көңілмен қайту үшін қызмет көрсетуші қызмеркерлер сәйкес жағдай жасай білулері қажет. Сабақтарда студенттерді үстелді дастарханмен сәңдеуді, ас мәзірін дұрыс құрастыруға үйреткен кезде,осы сұрақтардың барлығы да тек қыздарды ғана емес, сонымен қатар ұлдарды да қызықтырады, олардың көздері жанып, өздері де байқап көргісі келеді. Майлықтарды бүктеу бойынша сабақтары студенттерде аса қызығушылықты оятады, ойлау, танымдық қызметі белсендіріледі, шығармашыл әлеуеті ашылады.  Жақсы даяшы- білім алушылардың жақсы психологы.

 

Сабақтарда әртүрлі темперамент түрі бар клиенттерге қызмет көрсетуді үйренеміз, олардың көңіл-күйлеріне қарай қызмет көрсету әдісін таңдау, қызмет көрсету кезінде туындауы мүмкін қақтығыс жағдайды болдыртпауға тырысамыз. Аспаздық сабақтарында студенттер тағамдарды дайындау технологиясын, жай және күрделі тағамдарды дайындау технологиясын, фирмалық және ұлттық тағамдарды дайындауға және ұсынуды үйренеді, өйткені тағамдар және сусындар туралы ақпаратты қызмет көрсетуші қызметкерлерден алады. Рөлдік ойындар, мәселелік жағдаяттар түріндегі сабақтар, тақырыптар бойынша озыңқы тапсырмаларды дайындау білім алушылардың жеке қабілеттерін аша отырып, өздігінен жұмыс жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, топпен бірлесіп жұмыс жасай білуді үйренеді, студенттерді келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетінің шеберлігіне тәрбиелейді. Жақсы даяшы – бұл мейрамхананың мақтанышы, бұл оның имиджі. Даяшы жұмысы – өз болашағын ойлайтын белсенді, талапшыл, дербес жастардың жұмысы. Бұл жұмыс арықарай оқуға түсуге ақша табуға мүмкіндік береді, меншікті мейрамханалық бизнесінің құрылысында өз күшін сынауға мүмкіндік береді.

Сондықтан да менің мақсатым – студенттерде мамандық бойынша кәсіби білімін қалыптастыру, оларды осы салада қажетті және бәсекеге қабілетті ету, өз мамандығын қастерлеуді және ардақтай білуге тәрбиелеу.

Карта сайта