2016 жылдың 16 сәуірінде Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде «Патриот» айлығының шеңберінде тарих оқытушысы Біргебаева Зайкен Қабдоллақызы СКК-24 тобында (Бақылаушы-кассир) «Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Германияның КСРО-ға шабуылы» тақырыбы бойынша дүниежүзілік тарихы бойынша ашық сабағын өткізді. Студенттер сабаққа аса жауапкершілікпен қарап, алдын-ала «М.Маметова және Ә.Молдағұлова» тақырыптарына өз жобаларын сабақта қорғады, «Мәскеу түбіндегі шайқас», «Германияның КСРО-ға шабуылы» тақырыптарына Лазаренко Александра, Иванова Вероника, Смирнова Надежда, Паненко Александра студенттері өз баяндамаларын жасады– «Олардың есімдерімен Қостанай көшелері аталды» тақырыптарына дайындаған шағын зерттемелерін қорғады, барлық қатысушыларды немқұрайлы қалдырмады, практикалық, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Соғыс туралы көрсетілім, талқылау және слайдтық презентациялардың қолданылуы ұмытылмас әсер қалдырды: «Хиросима және Нагасаки», «Мәскеу түбіндегі шайқас», «Эх, жолдар…» (ҰОС) бейне жазбалары, «Сол ұлы жылдарға бас иеміз» Людмила Зыкинаның орындауындағы аудиожазбасы, Левитан дауысы жазылған бейне жазбасы, «Ұлы Жеңіс жайында» бейне сюжеті, «Барбаросса жоспары», осылардың барлығы да ойлау қызметін белсендендіру арқылы оқыту деңгейін жоғарлатуға, жоғары рухани құндылықтарға деген мұқтаждықтарының құрылуына бағытталған (адамгершілік, патриотизм) танымдық қызығушылығына ықпал тигізеді. Анисимова Светлана К.Симоновтың «Жди меня» өлеңін оқығанда көзімізге жас толды. Сонымен қатар «Жеңіс жолында» бейне жазбалары көрсетілді, білім алушыларға мына бір керемет айтылған өлең шумағын жай сөз ретінде емес, жоғары, терең мағыналы сөздер деп қарауға ұсыныс берілді:
Помните! Через века, через года,- помните!
О тех, кто уже не придет никогда,- помните!
Не плачьте! В горле сдержите стоны, горькие стоны.
Памяти павших будьте достойны! Вечно достойны!
Хлебом и песней, мечтой и стихами, жизнью просторной,
Каждой секундой, каждым дыханьем будьте достойны!...
Сабақтың өту бойына оқытушының осындай терең, тартымды, шынайы тақырыбы, рухани қасиеттердің танылуы жоғары мағынаға ие болды: мұң, қайғы, ауырсыну, үйге оралмаған жандардың қайғысына ортақтасу… бүгін біздің ортамызда жоқ аталар мен әжелердің көрсеткен батырлығын, ерлігін мақтан тұту.