2016 жылдың 15 сәуірде сағ. 14.15. Қостанай қызмет көрсету салының колледждінің спорт залында 1-2 курс білім алушылары арасында пневматикалық мылтықтан ату бойынша біріншілігі ұйымдастырылып, өткізілді.

 

 

  

 

Іс-шараның мақсаты:  білім алушылардың  денсаулығын нығайтуәскери-патриоттық жұмысты одан әрі дамыту, қару-жарақты қолдану кезінде дағдыларды бекіту, жастарға патриоттықты, отанға адалдығын тәрбиелеу және дәріптеу.

Жарыс, жарыс қатысушыларының жалпы сапқа тұрғызылуынан, ҚР мемлекеттік әнұраның орындалуымен басталды. Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары С.Б. Молдашева қатысушыларға спорттық күресте сәттілік пен табыс тіледі. Жарыс қатысушылары ату элементтерін орындау дұрыстығын, мергендік және қаруды қолдану шеберлігін көрсетті. Жанкүйерлер әр командаға белсенді түрде қолдау көрсетті.

Ату нәтижелері бойынша команда біріншілігінде  1 орынға - СП-27 тобы ие болды; 2 орынды - СО-27 тобының командасы алды; 3 орынға СКД-26 тобының командасы ие болды. Ұлдар арасында жеке біріншілікте: 1-орынға Гурин Денис ие болды, СК-28; 2-орынды Сим Александр алды, СО-27; 3-орынға Дущенко Виталий ие болды, СО-19. Қыздар арасында: 1- орынды Маусымбаева Әлия алды, СП-27; 2-орынға Тұрсынбекова Арайлымие болды, СКД-26; 3- орынға Кель Галина ие болды СКД-26.

Барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге жарысқа белсенді қатысқандары үшін алғысымды білдіремін, «ЖЕҢІСТІҢ» 71-жылдығының келе жатқан мерекесімен құттықтаймыз және біздің жастарымызға денсаулық, күш-қуат,ептілікті, шеберлікті тілеймін.

 

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы: О.Ғ. Бадыров.

 

Карта сайта